В 2024 году в Актюбинской области сдано в эксплуатацию более 6 тысяч жилых домов

 

2024 жылы Ақтөбе облысында 6 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді  Өткен жылы өңірде тұрғындардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2024 жылы ақтөбеліктерге 950 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жоспар артығымен орындалып, өткен жылы 6 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аслан Жарасбаев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Ақтөбе облысында 964 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдің үлесі 425,7 мың ш.м., жеке тұрғын үй – 538,3 мың ш.м.. Өткен жылы облигациялық қарыздар есебінен Қарғалы тұрғын үй алабындағы құрылысы 2023 жылы басталған 5 жобаның құрылысы аяқталды. Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға арналған жалпы ауданы 18,3 мың ш.м. 298 пәтерлі жалдамалы-коммуналдық 7 тұрғын үй салынды»- деді басқармасы басшысының міндетін атқарушы.  Басқарма өкілі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар санаттары үшін дайын пәтерлерді сатып алу жоспарланғанын атап өтті. Бұл бағыт бойынша облысқа республикалық бюджеттен өткен жылы 140 млн теңгеден астам дайын 12 пәтер сатып алу үшін қаржы бөлінген. Пәтерлер Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар аудандарында сатып алынды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтары және көп балалы отбасылар санаттары үшін «Самұрық-Қазына» АҚ есебінен жылдың аяғында 57,6 мың ш.м. болатын 872 пәтер сатып алынды.

В 2024 году в Актюбинской области сдано в эксплуатацию более 6 тысяч жилых домов  В прошлом году в регионе были предприняты меры по улучшению жилищных условий населения. В рамках национального проекта «Сильные регионы – драйверы развития страны» в 2024 году планировалось ввести в эксплуатацию 950 тысяч кв. м жилья. Этот план был перевыполнен, и в прошлом году более 6 тысяч семей обрели свои дома. Об этом сообщил исполняющий обязанности руководителя управления строительства, архитектуры и градостроительства Актюбинской области Аслан Жарасбаев на брифинге региональной службы коммуникаций.

«В соответствии с поручением главы государства Касым-Жомарта Токаева в 2024 году в Актюбинской области было введено 964 тысячи кв. м жилья. Из них доля многоквартирного жилья составила 425,7 тыс. кв. м, индивидуального жилья – 538,3 тыс. кв. м. В прошлом году за счёт облигационных займов завершено строительство пяти проектов в микрорайоне Каргалы, начатое в 2023 году. Кроме того, для граждан, стоящих в очереди в местных исполнительных органах, было построено 7 арендно-коммунальных домов общей площадью 18,3 тыс. кв. м, рассчитанных на 298 квартир»,– рассказал исполняющий обязанности руководителя управления.  Представитель управления отметил, что в рамках концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры до 2029 года планируется приобретение готового жилья для социально уязвимых слоёв населения и многодетных семей. По этому направлению в прошлом году из республиканского бюджета было выделено более 140 млн тенге для приобретения 12 готовых квартир. Жильё было приобретено в Каргалы, Мартукском и Мугалжарском районах. Кроме того, за счёт средств АО «Самрук-Казына» в конце года для социально уязвимых слоёв населения и многодетных семей были приобретены 872 квартиры общей площадью 57,6 тыс. кв. м.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 124
Категория: 
�����