В Актобе эвакуированных переселили из школ в общежития

Ақтөбеде мектептерге эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді  Ақтөбе қаласының мектептерінде ұйымдастырылған эвакуациялық пункттер жабылды. Қазіргі уақытта оқу орындарында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, Ақтөбе қаласы мен аудандарда 40 мектеп су тасқыны кезінде үйлері су басқан азаматтар үшін эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған. Аймақтағы су тасқыны жағдайы тұрақталды, тұрғындардың көпшілігі үйлеріне оралуда. Эвакуациялық пункттерде әлі де тұрып жатқан ақтөбеліктер жоғары оқу орындары, колледждердің жатақханалары мен қонақ үйлерге ауыстырылып, орналастырылуда. Басты міндет - үйлері әлі қалыпқа келмеген тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау.  Атап айтсақ, бүгінде Ақтөбе қаласындағы үйлері суға кеткен 984 адам М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің жатақханаларына, сондай-ақ олимпиадалық резерв орталығының қонақ үйі мен «Ас-Сәлем» қайырымдылық мекемесіне көшіріліп жатыр. 984 адамның 448-і — балалар.

В Актобе эвакуированных переселили из школ в общежития  Эвакуационные пункты, расположенные в школах города Актобе, закрыли. Сейчас в образовательных учреждениях проводят дезинфекцию. По данным областного управления образования, в 40 школах города Актобе и районов во время паводка были организованы эвакуационные пункты для граждан, чьи дома были подтоплены. Ситуация с паводком в регионе стабилизировалась, большинство жителей возвращаются в свои дома. Актюбинцев, которые все еще остаются в эвакуационных пунктах переселили в общежития вузов, колледжей и гостиницы. Главная задача - обеспечить надлежащее проживание и условия для тех, кто пока не может вернуться домой.  Так, 984 человека, из них 448 детей, разместили в общежитиях Западно-Казахстанского медицинского университета им. М. Оспанова, Актюбинского регионального университета имени К. Жубанова, высшего гуманитарного колледжа, колледжа транспорта, связи и новых технологий, высшего аграрно-технического колледжа имени Ш. Берсиева, гостиницах Центра подготовки Олимпийского резерва и благотворительного учреждения «Ас-Сәлем».

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 159
Категория: 
�����