Ақтөбеде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі нәзік инспектор қалта ұрысын ұстады
Ағымдағы жылдың 19 ақпанында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Әйгерім Ерланова демалыс күні жұбайымен бірге базардан №2 маршруттық автобуста келе жатқан. Осы уақытта автобустан шыққалы тұрған жолаушы әйел телефоны ұрланғанын айтып айқайлай бастаған. Әйгерім жедел ден қойып, жүргізушіден автобустың есігін ашпауын өтініп, дереу өз телефонынан жәбірленуші әйелдің нөмірін терген. Телефон автобус ішіндегі бөгде ер адамның қалтасына шырылдаған. Әйгерім жұбайымен және басқа жолаушымен бірге күдіктіні ұстап алып, жедел-тергеу тобының келуін күткен. Ұялы телефон тәркіленді. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді.
ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Алдын ала тергеу барысында ұсталған адамның қалта ұрлығы бойынша күдікті екендігі анықталды.
Полиция департаменті қоғамдық көлікте жүргенде жолаушыларды ескертеді:
* заттарыңызды қадағалаңыз, телефондар мен ақшаны сөмкелердің немесе сыртқы киімдердің ішкі қалталарына, шалбардың алдыңғы қалталарына салыңыз;
* сөмкелерді иықта емес, жабық күйде және алдыңызда ұстаңыз, рюкзактарды шешіп, қолыңызда ұстаңыз;
* адам толы көлікте тек қажет болған жағдайда ғана қозғалыңыз;
* шығу кезінде ерекше қырағылық танытыңыз (қалта ұрлығының көбісі дәл осы уақытта жасалады);
* телефондар мен құнды заттарды алмаңыз, ақшаны санамаңыз!
В Актобе хрупкая инспектор по делам несовершеннолетних задержала карманника
19 февраля т.г. инспектор по делам несовешеннолетних Айгерим Ерланова в выходной день с супругом ехала с рынка в маршрутном автобусе №2. Пассажирка, собирающаяся выходить начала кричать, что у нее украли телефон. Айгерим не растерялась, попросила водителя не открывать двери и рядом стоящая женщина набрала номер потерпевшей и телефон зазвенел в кармане мужчины, она с супругом и еще одним пассажиром задержали подозреваемого и дождались приезда следственно-оперативной группы, которой сотовый телефон изъят.
Подозреваемый доставлен в отдел полиции. Начато досудебное расследование по ст.188 ч.1 УК РК «Кража».
В ходе предварительного следствия установлено, что задержанный подозревается еще в одной карманной краже совершенной в общественном транспорте.
Департамент полиции напоминает, что, находясь в общественном транспорте, пассажиру следует:
следить за своими вещами, перед передвижением по салону убирать телефоны и деньги во внутренние карманы сумок или верхней одежды, передние карманы брюк;
держать сумки в закрытом виде и перед собой, а не на плече, снимать и держать в руках рюкзаки;
передвигаться в переполненном транспорте только при необходимости;
проявлять особую бдительность в момент посадки (большая доля карманных краж совершается именно в это время);
не доставать телефоны и ценные вещи, не пересчитывать деньги.