Ақтөбеде күн күрт жылынуы салдарынан екі күн қатарынан борап жауған қар еріп, бүгін қаланың су басу қаупі бар учаскелерінде мәселе туындады. Қазір сол учаскелерде 50-ге жуық ассенизатор машиналары еріген қар суын алып жатыр (откачка). Қалалық ТҮКШ (ЖКХ) бөлімінің басшысы Болат Серіковтің айтуынша, су толған учаскелерде арнайы техникалар түні бойы жұмыс істеп, жағдайды қалыпқа келтіретін болады. Жұмыс барысын ЖКХ бөлімінің жауапты мамандары қадағалап жүр.
В Актобе из-за резкого потепления растаял снег, который выпадал два дня подряд, и сегодня возникла проблема в подверженных подтоплению частях города. В настоящее время в этих районах около 50 ассенизаторских машин проводят откачку талой воды. По словам руководителя городского отдела ЖКХ Болата Серикова, спецтехника будет работать всю ночь до полного устранения проблемы. За ходом работ следят ответственные специалисты отдела ЖКХ.
Источник.https://www.instagram.com/reel/C3A3mMxMabX/?igsh=ejU3Mnh1dnVwNHNq