В Актобе на профилактику подростковой преступности привлекают ветеранов ОВД
С целью предупреждения преступности в молодежной среде полицейские организовали встречу с учащимися школ и их родителями. В ходе мероприятия начальник УМПС ДП области Айдос Кулжанов разъяснил подросткам об административной и уголовной ответственности за совершение тех или иных правонарушений, а также рассказал, как самим не стать жертвой преступления. Спикер настоятельно рекомендовал школьникам соблюдать правила поведения на улице и в общественных местах, напомнили, что несовершеннолетним запрещено находиться в ночное время вне дома без взрослых.
Ветеран ОВД Клара Исламова разъяснила о вреде употребления спиртных напитков и пагубности вредных привычек и призвала детей быть дисциплинированными, хорошо учиться, эффективно использовать время и заниматься спортом.
Педагоги, в свою очередь, выразили гостям слова благодарности за правое информирование учеников.
– Профилактические лекции с подростками в школе являются неотъемлемой частью нашей работы. Ведь повышение уровня правовой культуры играет важную роль в предупреждении преступлений. Надеемся, что и из сегодняшней встречи ребята извлекли максимум. Дети слушали внимательно, проявляя большой интерес и задавая волнующие вопросы, – отметил Айдос Кулжанов.
Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ІІО ардагерлері тартылуда
Жастар арасында қылмыстың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Айдос Құлжанов жасөспірімдерге қандай да бір құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді, сондай-ақ қылмыстың құрбаны болмау жолдарын айтып берді. Спикер мектеп оқушыларына көшеде және қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді, кәмелетке толмағандарға түнде ересектерсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынғанын еске салды.
ІІО ардагері Клара Исламова ішімдік ішу мен жаман әдеттердің зияны туралы түсіндіріп, балаларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға және спортпен шұғылдануға шақырды.
Педагогтар өз кезегінде қонақтарға оқушыларды құқықтық ағарту жұмыстары үшін алғыс сөздерін білдірді.
- Мектептегі жасөспірімдермен профилактикалық дәрістер біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені, құқық мәдениетінің деңгейін арттыру қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Бүгінгі кездесуден балалар барынша пайда алды деп үміттенеміз. Балалар мұқият тыңдап, үлкен қызығушылық танытып, қызықты сұрақтар қойды, - деп атап өтті Айдос Құлжанов.