В Актобе на водоемах установят 33 камеры видеонаблюдения

Ақтөбедегі су айдындарында 33 бейнебақылау камерасы орнатылады  Шомылу маусымында судағы қауіпсіздік бейнебақылау камералары арқылы бақыланады. Адамдарды келеңсіз, қайғылы жағдайлардан қорғау үшін мұндай шаралар қажет-ақ.  Қазіргі уақытта бейнекамералар өзендерге жақын 9 жерге орнатылды. Барлығы 33 дана болмақ. ТЖ департаменті камералардың көп бөлігісуға шомылуға тыйым салынған орындарға қойылатынын нақтылады. Өйткені, адамдар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, жиі бату деректері орын алып жатыр. Жыл басынан бері өңірде 5 адам өзен суына батып кеткен. Шомылу маусымында судағы қауіпсіздік мәселесі облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен жиын барысында қаралды. Өңір басшысы бақылау шараларын күшейтуді және су айдындарында тұрақты рейдтер жүргізуді тапсырды.

«Біз судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін, әсіресе балалардың қауіпсіздігі үшін барлық шараларды қолға алуымыз керек. Су айдындары маңын, жағалауды патрульдеу қажет. Шомылу маусымы кезінде балаларды рұқсат етілген жағажайларда жүзуге үйреткен жөн. Балаларға арналған қауіпсіз деп танылған жағажайларды жабдықтап, сол орындарда құтқарушылар кәмелетке толмағандарға жүзуге үйретуі тиіс»,- деді әкім.

В Актобе на водоемах установят 33 камеры видеонаблюдения    В купальный сезон за безопасностью на воде будут следить через камеры видеонаблюдения. Такие меры необходимы, чтобы уберечь людей от трагедии.    На данный момент камеры установили в 9 местах возле рек. Всего их будет 33. В департаменте по ЧС конкретизировали, что большая часть камер будет установлена на водоемах в местах, запрещенных для купания. Ведь именно там зачастую и тонут люди. Так, с начала года в регионе в реках утонуло 5 человек.   Вопрос безопасности на воде в купальный сезон рассмотрели в ходе совещания с участием акима области Асхата Шахарова. Глава региона поручил усилить меры контроля и проводить регулярные рейды на водоемах.  

«Мы должны принять все меры для недопущения несчастных случаев на воде, особенно с участием детей. Для этого необходимо проводить регулярное патрулирование опасных для купания мест на водоемах. В период купального сезона проводить обучение детей плаванию на разрешенных пляжах. С этой целью оборудовать безопасные детские пляжи для купания, на которых спасатели будут учить несовершеннолетних плаванию»,- сказал аким.  

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 193
Категория: 
�����