В Актобе представителей банков призвали выйти в народ и разъяснить меры поддержки пострадавших в паводках

Ақтөбедегі банктердің өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шараларын түсіндіруге атсалысады    Облыстық мәслихат төрайымы Гүлқасима Сүйінтаева мен кәсіпкерлер палатасының директоры Дидар Боранқұлов екінші деңгейлі банктер және микрокредиттік ұйымдардың басшыларымен кездесуі барысында осындай келісімге келді. Мұндай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өңірдегі барлық уақытша орналасу орындарында өтеді.   Екінші деңгейлі банктер су тасқынынан зардап шеккендерге 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейінгі мерзімге несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін береді. Өтініш иелерінің тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды.    Сонымен қатар, банктер басқа да қолдау шараларын ұсынады. Мәселен, 1 сәуірден 30 маусымға дейін қаржылай жағдайы су тасқыны салдарынан нашарлаған жеке тұлғаларға төлемдерді кешіктіргені үшін өсімпұл мен айыппұл есептелмейді, сондай-ақ су тасқынынан туындаған олардың қызметінің бұзылуына байланысты жеке кәсіпкерлер мен ШОБ субъектілеріне несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.  

«Зардап шеккендерге уақытылы және жедел қолдау шараларын көрсету бойынша мониторинг жүргізу мақсатында облыстық қоғамдық штаб құрылды. Штаб құрамына депутаттар, қоғам қайраткерлері, «Аманат» партиясы, кәсіпкерлер палатасы және басқа мекемелердің өкілдері кірді. Осыған байланысты банкке тиісті өтініштер беру, растайтын құжаттарды ұсыну сияқты қажеттілікті қоса алғанда, кейінге қалдырудың нақты механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін банк қызметкерлерін бөліп беру және штаб мүшелерімен бірлесіп түсіндіру жүргізу бойынша өтінішіміз бар»,- деді Гүлқасима Сүйінтаева.   Ол бизнес-қауымдастыққа немқұрайлылық танытпай, зардап шеккендерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

В Актобе представителей банков призвали выйти в народ и разъяснить меры поддержки пострадавших в паводках    Председатель областного маслихата Гулкасима Суентаева и директор палаты предпринимателей Дидар Боранкулов договорились с руководителями банков второго уровня и микрокредитных организаций проводить информационно-разъяснительную работу с населением. Теперь представители банков и МФО будут проводить встречи с жителями области на всех временных площадках.   Как известно, банки предоставят пострадавшим от паводков отсрочку по кредитам на срок с 1 апреля по 30 июня 2024 года. Уточняется, что списки будут формироваться акиматами.    Также банки окажут и другие меры поддержки. Так, с 1 апреля по 30 июня не будут начислять пени и штрафы за просрочку платежей физлицам, чье финансовое положение ухудшилось из-за паводков. Кроме того, будет предоставлена отсрочка по кредитам ИП и субъектам МСБ из-за вызванного паводками нарушения их деятельности.  

«В целях проведения мониторинга по своевременному и оперативному оказанию мер поддержки для пострадавших создан областной общественный штаб, в состав которого входят депутаты, общественники, представители партии «Аmанаt», РПП и другие. В рамках работы этого штаба предлагаем составить график посещения эвакуационных пунктов Актобе. В этой связи убедительно просим выделить сотрудников банка, которые вместе с членами штаба проведут разъяснительную работу по конкретным механизмам предоставления отсрочки, включая необходимость подачи соответствующих заявлений в банк, предоставления подтверждающих документов и прочее»,- обратилась к представителям БВУ и МФО Гулкасима Суентаева.   Она поблагодарила бизнес-сообщество за неравнодушие и оказываемую посильную помощь пострадавшим.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 214
Категория: 
�����