Ақтөбеде әскерге аттанған жастарға Бауыржан Момышұлының кітабы табысталды Ұйымдастырушылардың сөзінше, кітап сыйлау — жастардың әскери рухын көтеріп, Отанды қорғауда жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталған қадам. Ал бұған дейін әрбір жас сарбазға ұялы телефон сыйланған еді. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан құттықтау сөзінде Отан алдындағы борышты өтеу - әрбір азаматтың парызы екенін айтып өтіп, болашақ сарбаздар ел қауіпсіздігін нығайту жолында аянбай қызмет ететініне сенім білдірді. Оларға ақ жол тілеп, Қазақстан армиясының қатарын толықтырған 50 жастың барлығына бүгінгі күннен естелік ретінде қазақтың батыр ұлы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының кітабын табыс етті. Еске салайық, әскерге шақырылушылар Ақтөбе гарнизонының 30238 әскери бөлімінде қызмет етеді. Орталық саябақта өткен шараға жергілікті гарнизон қолбасшылығы, Қорғаныс істері департаменті мен басқарма өкілдері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылардың туыстары мен жақындары қатысты. Шара барысында көктемгі су тасқыны кезінде көмек қолын созған әскерилерге ҚР Қорғаныс министрі атынан сағат табысталды. Салтанатты рәсімнің соңы шығармашылық ұжымдар әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласып, болашақ сарбаздар жақындарымен қауышты.
В Актобе призывникам подарили книгу Бауыржана Момышулы. По мнению организаторов, книга – это хороший презент, ее прочтение повысит боевой дух молодежи и укрепит в них чувство патриотизма, ответственности за защиту Родины. Ранее же каждому новобранцу дарили мобильный телефон. В своей поздравительной речи заместитель акима Актюбинской области Жолдас Батырхан отметил, что обязанность каждого казахстанца – выполнить свой долг перед Родиной, и выразил уверенность, что будущие солдаты будут ответственно нести свою службу и стоять на защите своей страны. Он пожелал новобранцам удачи и вручил на память всем 50 молодым людям, вступившим в ряды казахстанской армии, книгу народного героя Бауыржана Момышулы. Напомним, призывники служат в воинской части 30238 Актюбинского гарнизона. В мероприятии, прошедшем в Центральном парке, приняли участие командование местного гарнизона, представители департамента по делам обороны, ветераны Вооруженных Сил Республики Казахстан, воспитанники военно-патриотического клуба «Жас сарбаз», родственники и друзья призывников. В ходе мероприятия от имени Министра обороны РК солдатам, оказавшим помощь во время весеннего паводка, были вручены часы. Завершилась церемония концертной программой, подготовленной творческими коллективами. После этого новобранцы встретились со своими близкими.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdig