В Актобе продолжается обновление автобусных парков

Қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин қоғамдық жолаушылар тасымалы саласында қызмет көрсетуші компаниялар басшыларымен кездесіп, автобустар паркін жаңарту бойынша қойылған талаптардың орындалуы барысын талқылады.
Биыл жыл соңына дейін “Qala Trans” ЖШС ұзындығы 18 метрлік Yutong маркалы 15 дана “гармошка” автобус алып келеді. Бұл ұзын автобустарды “Қала транс” ЖШС №46 маршрутқа бағыттауды жоспарлап отыр. Ал №46 маршрутта қазір жүрген автобустар босайды және оларды №6, №48 бағыттарға қоятын болады.
Сонымен қатар, “Автопарк” ЖШС жыл соңына дейін Yutong маркалы жаңа 25 автобус алып келуге уәде беріп отыр. Ол автобустар келген жағдайда №42, №14 және №26 бағыттағы автобустар жаңаратын болады.
Еске салсақ, биыл қазан айында “Автопарк” ЖШС 25 Yutong алып келіп, №22 және №24 маршруттарға қойған болатын. Ал “РТТ групп” ЖШС 4 дана Isuzu маркалы автобус және 10 Yutong алып келіп, №29 және №44 бағыттағы автобустарды жаңартқан болатын.
Айта кету керек, Ақтөбеде 5 тасымалдаушы компания жолаушыларға қызмет көрсетеді. Оларға автобустар паркін жаңартуды жалғастыру талабы қойылып отыр.

Заместитель акима города Жулдызбек Бисембин провел встречу с руководителями компаний, предоставляющих услуги общественного пассажирского транспорта, и обсудил ход выполнения требований по обновлению автобусного парка.
ТОО «Qala Trans» планирует закупить до конца года 15 новых сочлененных (“гармошка”) автобусов Yutong длиной 18 метров. Эти автобусы будут введены в эксплуатацию на маршруте № 46, а автобусы, сейчас работающие на этом маршруте, переведены на маршруты № 6 и № 48.
ТОО «Автопарк» обещает поставить до конца года 25 новых автобусов Yutong, что позволит обновить парк на маршрутах № 42, № 14 и № 26.
В октябре текущего года ТОО «Автопарк» уже приобрело 25 автобусов Yutong, запустив их на маршрутах № 22 и № 24. ТОО «РТТ групп» обновило автобусы на маршрутах № 29 и № 44, получив 4 автобуса Isuzu и 10 автобусов Yutong.
В Актобе пассажирские перевозки осуществляют пять компаний. Перед ними поставлена задача продолжить обновление автобусного парка.

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/p/DDOdwikIu5F/?img_index=1

Просмотров: 190
Категория: 
�����