В Актобе прошел областной форум бабушек

Ақтөбеде облыстық әжелер форумы өтті Қалалық мәдениет сарайында «Аялы әже» облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысты.  Шараға 300-ге жуық қатысушы, оның ішінде еңбек ардагерлері, өңірдің әжелер кеңесінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, іскер әйелдер одағы мен жазушылар одағының өкілдері, мәдениет және білім қызметкерлері, сондай-ақ жастар қатысты.

‍‍‍ Форум ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға және отбасылық тәрбиені нығайтуға бағытталған маңызды оқиғаға айналды. Айта кету керек, шара Түркістан облысынан бастау алып, еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып келеді. Ақтөбе өңірі Қостанай облысынан эстафетаны қабылдап, Батыс Қазақстан облысына тапсырды. Эстафетаны қабылдау үшін БҚО делегаттары өңірімізге келді.

В Актобе прошел областной форум бабушек В Городском дворце культуры состоялся областной форум «Аялы әже». В нем принял участие заместитель акима области Жолдас Батырхан.  На мероприятии собралось около 300 участников, включая ветеранов труда, представителей совета бабушек региона, депутатов областного и городского маслихатов, активистов неправительственных организаций, членов Совета матерей при АНК, представителей Союза деловых женщин и Союза писателей, работников культуры и образования, а также молодежь. ‍‍‍ Форум стал значимым событием, направленным на возрождение национальных ценностей и укрепление семейного воспитания. Стоит отметить, что его проведение оказалось частью эстафеты, которая берет свое начало с Туркестанской области и продолжает реализовываться во всех регионах нашей страны. Актюбинский регион принял эстафету от Костанайской области и передал ее Западно-Казахстанской. Для принятия эстафеты делегаты ЗКО прибыли в наш регион.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 65
Категория: 
�����