Ақтөбеде «Бірлік. Құру. Прогресс» атауымен Ақтөбе облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті Сессияның негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы болды. Ақтөбе өңіріндегі ҚХА өкілдері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, жастарды идеологиялық тәрбиелеу және олардың әлеуметтік маңызы бар жобаларын қолдау, мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі рөлін нығайту және дамыту мәселелерін талқылады. Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жастар қанаты, азаматтық қоғам институты өкілдері және басқалар қатысты.
В Актобе прошла XXVII сессия АНК Актюбинской области на тему «Единство. Созидание. Прогресс» Основной темой сессии стало выполнение поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева, данных на XXXIIІ сессии Ассамблеи народа Казахстана. Представители АНК Актюбинского региона под председательством акима области Асхата Шахарова обсудили вопросы укрепления единства и согласия в обществе, идеологического воспитания молодежи и поддержки их социально значимых проектов, укрепления и развития роли государственного языка как языка межэтнической коммуникации. В работе сессии приняли участие руководители государственных органов, депутаты, предприниматели, председатели этнокультурных объединений, молодежное крыло АНК и другие.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi