В Актобе прошёл массовый забег «Жубанов RUN», посвящённый 100-летию Алии Молдагуловой

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Жұбанов RUN» марафоны өтті Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған бұқаралық жүгіру – «Жұбанов RUN» марафоны сәтті өтті. Бұл марафон — салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тәрбиені күшейту және жастарды қоғамдық белсенділікке жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған ауқымды шара. Жүгіруге 685 адам қатысты. Қатысушылар тек Ақтөбеден ғана емес, Алматы, Қостанай және Атырау қалаларынан да арнайы келіп, бастаманы қолдады. Марафонға түрлі сала өкілдері – мұғалімдер, кәсіпкерлер, спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар 2,5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Жарыс жас ерекшелігі мен жынысына қарай бірнеше санатқа бөлініп ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

В Актобе прошёл массовый забег «Жубанов RUN», посвящённый 100-летию Алии Молдагуловой Крупнейший вуз Западного Казахстана — Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова — провёл массовый марафон «Жубанов RUN» в честь 100-летнего юбилея Героя Советского Союза, легендарной казахской снайперши Алии Молдагуловой. Цель мероприятия — популяризация здорового образа жизни, развитие патриотического воспитания и вовлечение молодёжи в общественно-активную жизнь. В забеге приняли участие 685 человек из разных городов страны, включая Актобе, Алматы, Костанай и Атырау. В марафоне участвовали представители различных профессий и возрастов: учителя, предприниматели, спортсмены, студенты, госслужащие и неравнодушные горожане. Дистанция составила 2,5 км, а победители определялись по возрастным и гендерным категориям. Им были вручены дипломы, медали и памятные призы.

Источник.@emergovkz

Просмотров: 196
Категория: 
АктобеИнфо