В Актобе состоялся республиканский турнир по вольной борьбе (U-17) имени заслуженного тренера Республики Казахстан Бауыржана Нурмаханова

Ақтөбеде демалыс күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Нұрмаханов атындағы еркін күрестен (U-17) республикалық турнир өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен 2008-2009 жылдары туған жас спортшылар қатысты.
Бұл шара Бауыржан Нұрмахановты құрметті демалысқа шығарып салуға арналды. Ардагер бапкер Әбіл Ибрагим, Эльдар Шамсутдинов, Әбділхакім Сәниев, Ольга Жәнібекова және тағы басқа да ондаған әлем чемпиондарын тәрбиеледі. Турнирдің ашылуына арнайы шақырылған қала әкімі Азамат Бекет талай чемпионның бапкері болған Бауыржан Нұрсұлтанұлын құттықтап, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
«Бүгін міне, біз қазақ спортының саңлағы, өз жолы бар дарабоз спортшы Бауыржан Нұрсұлтанұлының құрметіне арналған турнирдің ашылуында бас қосып отырмыз.
Бауыржан аға еркін күрестен елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы ретінде спорт саласының дамуына ерекше үлес қосқан жан. Ол көк туымызды талай жарыстарда желбіреткен мықты спортшыларды баулыды.
Ұзақ жылдар еліміздің еркін күрестен бас командасына жетекшілік етті. Біз Бауыржан Нұрсұлтанұлының еңбек жолын әрқашан жастарға үлгі етуіміз керек. Қадірлі спортшыны дәріптеу арқылы біз өскелең ұрпақты тәрбиелейміз. Мұндай турнирлер жастардың патриоттық сезімін оятады, спортқа жетелейді.
Еркін күрес мінезді, қайсарлықты, батылдықты, ептілікті қалыптастыратын мықты спорт түрі. Бұл салада осал спортшы жоқ», - деді Азамат Бекет.

В Актобе состоялся республиканский турнир по вольной борьбе (U-17) имени заслуженного тренера Республики Казахстан Бауыржана Нурмаханова. В турнире приняли участие юные спортсмены 2008-2009 годов рождения со всех регионов страны.

Турнир был приурочен к уходу на заслуженный отдых прославленного тренера, воспитавшего множество чемпионов мира, среди которых Абил Ибрагим, Эльдар Шамсутдинов, Абдильхаким Саниев и Ольга Жаныбекова.
На открытии турнира присутствовал аким города Азамат Бекет, который поздравил Бауыржана Нурмаханова и пожелал юным борцам успехов.
Азамат Бекет отметил: «Сегодня мы открываем турнир, посвящённый выдающемуся спортсмену и тренеру Бауыржану Нұрсұлтанұлы. Бауыржан ага – заслуженный тренер Казахстана по вольной борьбе, внесший огромный вклад в развитие спорта. Он долгие годы возглавлял национальную сборную Казахстана по вольной борьбе. Мы должны всегда ставить его трудовой путь в пример молодёжи. Прославляя таких спортсменов, мы воспитываем молодое поколение. Такие турниры пробуждают патриотические чувства у молодёжи и привлекают их к спорту. Вольная борьба – это сильный вид спорта, который воспитывает характер, стойкость, смелость и ловкость. В этом виде спорта нет слабых спортсменов».

Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DDCNMZAA2nz/

Просмотров: 104
Категория: 
�����