Биыл Ақтөбеде 12 проблемалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталады Бүгін облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе қаласындағы және бірқатар аудандағы құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлердің мәселесі талқыланды. Отырысқа мемлекеттік органдардың, құрылыс компанияларының, жобалау ұйымдарының басшылары қатысты.
«Қазіргі таңда облыстағы өзекті мәселелердің бірі — әртүрлі себептермен уақытылы пайдалануға берілмеген әлеуметтік нысандар. Сондай-ақ үлескерлер мәселесі де басты назарда. Бүгінде қаражатын салып, баспана ала алмай жүрген қаншама адам бар. Олардың жанайқайын естіп отырмыз. Біздің ендігі мақсат — осы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысын жеделдету, мерзімінде пайдалануға беру. Бұл жобаларды барынша бақылауға алып, құрылыстардың кешіктірілу себептерін анықтап, проблеманы шешуіміз керек»,— деді облыс әкімі.
В Актобе в этом году завершат строительство 12 проблемных жилых домов Сегодня на совещании, прошедшем под председательством акима области Асхата Шахарова, обсуждалась проблема долгостроев жилых домов в городе Актобе и ряде районов. Во встрече приняли участие руководители государственных органов, строительных компаний, проектных организаций.
«В настоящее время одной из актуальных проблем региона являются объекты социальной сферы, которые по разным причинам не были введены в эксплуатацию в установленные сроки. Также в центре внимания находится вопрос с дольщиками. Очень много людей, которые не могут получить жилье, в которое вложили свои деньги. Наша цель сейчас – завершить строительство таких социальных объектов и жилых домов в ускоренные сроки. Нам необходимо максимально контролировать эти проекты, выяснять причины задержки строительства и решать проблему»,- сказал аким области.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi