В Актобе в рамках общенациональной акции «Таза Казахстан» горожане сегодня посадили 100 саженцев сосны  

Ақтөбеде қала тұрғындары 100 түп қарағай отырғызды Алтын орда ауданында бос жатқан алаңқайды шағын қарағайлы саябаққа айналдыру ниетімен ақтөбелік кәсіпкер Қайыржан Таңатаров ұсыныс білдірді, Қазақстанның солтүстік аймағынан биіктігі 1,5 метр болатын жас қарағайларды сатып алып келді. Ол бұл шараны қаламызды көгалдандыру челленджі деп жариялап, ақтөбелік кәсіпкерлерге жолдап, үндеу тастады.

«Өзінің тұрған жерін абаттандыруға, жасыл желек егуге мүмкіндігі болса, әр адам үлес қосуы керек. Мен осы ауданда тұрамын, күн сайын осы жермен жаяу жүремін. Алтын орда ауданы жаңадан салынып жатыр, жолдар, тротуарлар төселіп, реттеліп келеді. Енді жасыл желек аз деп ойлап, осы бос жатқан жерді қарағайлы саябақ жасайық деп қалалық әкімдікке ұсыныс тастадым. Мені олар қолдады, осы шараны ұйымдастыруға мүмкіндік жасады. Ешкімді бүгін қолынан сүйреп әкелген жоқпын. Әлеуметтік желіде хабарландыру бердім, жастар, өзге де тұрғындар өздері келіп ағаш отырғызуға қатысып жатыр. Енді бұл челленжді басқа кәсіпкерлер жалғастырып, қаламызды көркейтуге үлес қосса екен деп ойлаймын. Әрі бұл біздің Президент жариялаған “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясына қосқан үлесіміз»,- деді Қайыржан Таңатаров Кәсіпкер бұл жерде скважина қазылып, суару жүйесі жасалатынын айтты. Сонымен қоса, орындықтар, кіші сәулет нысандары қойылып абаттандырылады, тағы да қосымша қарағайлар егіледі. Бұл шараға өз еріктерімен үлес қосқан жастар үшін - үлгі боларлық бастама. Ал көгалдандыру мамандары бұл ағаштар Ақтөбенің климатын жерсініп, тез бой алып кететініне сенімді.

В Актобе в рамках общенациональной акции «Таза Казахстан» горожане сегодня посадили 100 саженцев сосны  Небольшой сосновый бор появился на ранее пустовавшей территории в микрорайоне Алтын орда благодаря актюбинскому предпринимателю Каиржану Танатарову. Он приобрел молодые сосны высотой 1,5 метра в северном регионе Казахстана. Каиржан предложил поддержать данный эко- челлендж по озеленению нашего города представителям бизнеса.

«Каждый человек должен внести свой вклад, если у него есть возможность благоустроить окружающую среду, посадить деревья. Я живу в этом районе, каждый день прохожу здесь пешком. Район Алтын Орда активно застраивается жилыми домами, дорогами, тротуарами. Но зелени очень мало. Поэтому я предложил городскому акимату организовать на данном пустыре мини сосновый бор. Меня поддержали горожане. Я сделал объявление в социальной сети о проведении эко- акции. Молодежь, жители сами приехали и приняли участие в посадке деревьев. Теперь я думаю, что другие предприниматели продолжат этот челлендж и внесут свой вклад в благоустройство нашего города. Безусловно, так мы внесем вклад в объявленную президентом общенациональную акцию «Таза Казакстан»,- сказал Каиржан Танатаров. Предприниматель рассказал, что на этом месте будет выкопана скважина и создана оросительная система. Кроме того, будут установлены скамейки, малые архитектурные формы, посадят еще десятки сосен. К слову, специалисты-озеленители уверены, что сосны быстро приживутся в климате Актобе.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 157
Категория: 
�����