В Актобе задержан очередной пьяный водитель.

Ақтөбеде тағы бір мас жүргізуші ұсталды.

23 ақпанда патрульдік полиция қызметкерлері 41 разъезд ауданында орналасқан ЖҚС жанында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "ВАЗ-21213" автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мінез-құлқы полиция қызметкерлерінің күдігін тудырды, жүргізушінің мас күйінде көлік басқарғанын сараптама көрсетті. Сонымен қатар, жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі "мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы" бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Автомашина арнайы тұраққа қойылды.

Мас жүргізуші тек өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қауіп төндіреді.

Оқиғаларды талдау көрсеткендей, жүргізушілердің заңнан ауытқу жағдайларының үштен бірінде психологиялық тосқауылдың болмауына байланысты қасақана сипатта болады.

Алкогольді ішімдіктер реакция жылдамдығына және қозғалыстарды үйлестіруге әсер ететіні бұрыннан белгілі және бұл үлкен апатқа әкелуі мүмкін.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралар жеткілікті түрде жүргізіледі. Алайда, егер біз бәріміз - жол қозғалысына қатысушылар бұдан былай бүкіл жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілікке назар аудармасақ, нәтиже болмайды. Тәртіпті жүргізуші ешқашан мас күйінде көлік жүргізбейді, қобалжу, жауапсыздық танытпайды.

 

В Актобе задержан очередной пьяный водитель.

23 февраля сотрудниками патрульной полиции возле АЗС расположенной в районе 41 разъезда, за нарушение ПДД была остановлена автомашина «ВАЗ-21213» под управлением 35-летнего водителя. При проверке поведение водителя вызвало подозрение у полицейских, была проведена экспертиза, которая показал, что водитель находится в алкогольном опьянении. Кроме того, выяснилось, что водитель лишен права управления транспортными средствами.

По данному факту проводятся следственные действия ст.346 ч.1 УК РК «Управление транспортным средством лицом, лишенным права управления транспортными средствами, находящимся в состоянии алкогольного опьянения». Водитель водворен в ИВС УП г. Актобе. Автомашина водворена на спец. стоянку.

Пьяный водитель опасен не только для самого себя, но и для окружающих его людей.

Анализ происшествий показывает, что в одной трети случаев отступления водителей от закона носят преднамеренный характер, из-за отсутствия психологического барьера.

Давно известно, что алкогольные напитки влияют на скорость реакции и координацию движений, и это может послужить причиной серьезной аварии.

Мероприятий по предупреждению дорожно-транспортных происшествий проводится достаточно. Однако они не принесут ожидаемых результатов, если все мы - участники дорожного движения не будем больше обращать внимания на личную ответственность за безопасность всего дорожного движения. Дисциплинированный водитель никогда не сядет за руль нетрезвым, не проявит лихачества, безответственности.

Источник. 

 

 

 

 

Просмотров: 320
Категория: 
�����