Ақтөбеде сот ғимараттары "миналанған".
Ағымдағы жылдың 24 тамызында таңғы уақытта Қарғалы аудандық сотының электронды мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дәл осындай хабарлама Ақтөбе облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына да келіп түскен.
Оқиға орнына шұғыл ден қоюдың барлық күштері жұмсалды. Сол жерде саперлер жұмыс істеп, ғимаратқа тексеру жүргізілді. Барлық қажетті іс-шаралар өткізілді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.
В Актобе «заминировали» здания судов.
24 августа т.г. утром на электронный адрес Каргалинского районного суда пришло сообщение о том, что в здании заложено взрывное устройство. Подобное сообщения поступили СМУС Актюбинской области, в суд г.Актобе, в специализированный суд г.Актобе по уголовным делам и специализированный административный суд г.Актобе
На места происшествия незамедлительно прибыли все силы экстренного реагирования. На месте работали саперы. Проводился осмотр здания. Были проведены все необходимые мероприятия. Взрывные устройства не обнаружены.
По данным фактам проводится досудебное расследование по ст. 273 УК РК.
Департамент полиции Актюбинской области напоминает, что заведомо ложное сообщение об акте терроризма является уголовным правонарушением и влечет за собой уголовную ответственность, предусмотренную статьей 273 УК РК.