Ауыл-аймақтарда полиция қызметкерлері су тасқынынан қорғау шараларына белсенді қатысуда
Күн райының жылынуымен байланысты өңірде су тасқына қарсы жұмыстар белсенді жүргізілуде. Еріген қар суымен бірге екі күннен бері жауған жаңбырдың салдарынан, облыс аумағында бірнеше ауылдарға су кірді.
Қазіргі таңда Темір, Байғанин, Қобда, Мұғалжар аудандары аумағындағы бірнеше ауылдарға су тасқыны қаупі төніп, кейбір шеткі ауылдарда бірнеше үйлерге су кірді. Бұл ауылдарда полицейлер мен құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ағын су бағытын бұру және бөгеу, жиналған суларды шығару, инерттік материал төсеу шараларын тәулік бойы атқаруда.
Мысалы, Ембі қалалық полиция бөлімшесінің жеке құрамы тәулік бойы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылын су тасқынынан қорғау шараларына қатысуда. Ауылды еріген қар суынан қорғау жұмыстарына полиция бөлімінің 25 қызметкері жұмылдырылып, олар инертті материалдар төсеу, жол қауіпсіздігі мен азаматтардың мүлкінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.
В Актюбинских селах сотрудники полиции принимают активное участие в противопаводковых мероприятиях
В связи с потеплением погоды в регионе круглосуточно ведутся противопаводковые работы. На территории области уже два дня идут дожди, из-за чего еще больше увеличился уровень талой воды и угроза паводка.
В настоящее время под угрозой наводнения находятся несколько сел на территории Темирского, Байганинского, Кобдинского, Мугалжарского районов, в некоторых отдаленных селах вода проникла в несколько домов. В этих селах полицейские и спасатели, МИО совместно с сельскими жителями круглосуточно проводят мероприятия по отводу и откачке талых вод, укладке инертных материалов.
К примеру, личный состав Эмбинского городского отделения полиции круглосуточно принимает участие в мероприятиях по защите поселка Жагабулак Мугалжарского района от паводка. В противопаводковых работах задействованы 25 сотрудников полиции, которые проводят работы по укладке инертных материалов, обеспечению безопасности дорожного движения и сохранности и защиты имущества граждан.