В Актюбинском регионе необходимо восстановить 15 дамб и гидротехнических сооружений  

Ақтөбе облысында 15 бөгет пен гидротехникалық құрылысты қалпына келтіру қажет   Облыстағы су қорғау бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды тексеру үшін жұмыс комиссиясы құрылып, аталған нысандарды түгендеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында осы бағыттағы жұмыстардың талдау қорытындысы талқыланды. Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Сәбит Дүйсекенов облыста 611,8 миллион текше метр суды сақтайтын 206 гидротехникалық құрылыс бар екенін айтты. Оның 10-ы — республикалық, 174-і — коммуналдық, 22-сі — жеке меншікте.    Елді мекендерде су басу қаупі бар бөгеттер төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі Жол картасына енгізіліп, 2023 жылы 4 бөгетке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәселен, Алға ауданындағы Көсем, Әйтеке би ауданындағы Тереңсай және Щербаков, Мәртөк ауданындағы Қазан-2 бөгеттері жөнделді.   

 «Биыл көктемгі су тасқыны кезінде коммуналдық меншіктегі 15 бөгет жарылды. Олардың қатарында былтыр жөнделген үш бөгет бар: Щербаков, Тереңсай және Көсем. Келісімшарт бойынша оларға 2 жылдық кепілдік берілген. Жөндеу жұмыстарын жүргізген компаниялар өз қаражатына бөгеттерді қалпына келтіреді. Щербаков бөгетіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қалған 12 қираған бөгетті қалпына келтіру үшін 3 миллиард теңгеден астам қаражат қажет»,— деді Сәбит Дүйсекенов.    Қазіргі таңда бөгеттерді қаржыландыру мәселесін Қаржы министрлігі Су шаруашылығы және ирригация министрлігімен бірлесіп қарастырып жатыр.   

«Бірінші кезекте жөнделу керек жобалар бүгінде аудан әкімдерімен келісілді.  Республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінуі қажет. Қалған қаржы жергілікті бюджеттен алынады. Бүгінде қала бойынша екі өзеннің түбін тазарту керек. Барлық мәселе қаржыландыруға байланысты алдағы уақытта шешіледі»,— деді облыс әкімі.

В Актюбинском регионе необходимо восстановить 15 дамб и гидротехнических сооружений    Для обследования водозащитных дамб и гидротехнических сооружений в регионе создана рабочая комиссия, которой проделана большая работа по инвентаризации данных объектов. Результаты обследования озвучены в ходе совещания в областном акимате, которое прошло под председательством акима области Асхата Шахарова. Руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования Актюбинской области Сабит Дуйсекенов сообщил, что в области имеется 206 ГТС , вмещающих 611,8 млн. кубометров воды. Из них 10 находятся в республиканской собственности, 174 – в коммунальной и 22 в частной собственности. Плотины с риском затопления населенных пунктов были включены в Дорожную карту по предупреждению чрезвычайных ситуаций, и в 2023 году был проведен капитальный ремонт 4 плотин. Так, отремонтированы Косемская плотина в Алгинском районе, Теренсайская и Щербаковская в Айтекебийском районе, плотина Казанка-2 в Мартукском районе.

«Во время паводка этой весной прорвало 15 плотин, находящихся в коммунальной собственности. В их числе и три плотины отремонтированные в прошлом году: Щербаковская, Теренсайская и Косемская. По договору на них распространяется гарантия сроком на 2 года. Компании, которые производили ремонтные работы, будут восстанавливать плотины за свой счет. По Щербаковской плотине возбуждено уголовное дело, ведется расследование. На восстановление остальных 12 разрушенных плотин требуется свыше 3 миллиардов тенге»,- сказал Сабит Дуйсекенов. На данный момент вопрос финансирования рассматривается Министерством финансов совместно с Министерством водных ресурсов и ирригации.

«Все проекты согласовали с акимами районов, которые сказали, какие необходимо ремонтировать первыми. Ожидаем финансирование с республики свыше 2 миллиардов тенге. Остальную сумму будем изыскивать с местного бюджета. По городу необходимо заняться очисткой двух рек. Вопросы будут решаться по мере финансирования»,- сказал аким области.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 171
Категория: 
�����