В Актюбинской области функционирует 118 объектов придорожного сервиса, 3 санатория-профилактория, 8 особо охраняемых природных территорий

Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың ақпараты бойынша, Ақтөбе облысында жол бойындағы сервистің 118 нысаны, 3 санаторий-профилактория, 8 ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның ішінде Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты жұмыс істейді. Облыста сонымен қатар республикалық және жергілікті маңызы бар 859 тарих және мәдениет ескерткіштері бар.  Бүгінгі таңда ең тартымды туристік нысандардың бірі – Қасқыр сарқырамасы, «Көк жайлау» демалыс базасы, «Зәру» пантотерариясы. Алмас Салықбаевтың пікірінше, онда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға болады. Алдымен бірқатар проблемалық мәселені шешкен жөн. Олар жолдарды жөндеуге, ұялы базалық станцияларды орнатуға және объектілерге іргелес аумақтарды абаттандыруға қатысты.

«Бұл орындар туристік нысандар ғана емес, сонымен қатар туристердің үлкен ағынын тарта отырып, өңірдің курорттық аймақтарына айналуы мүмкін. Алайда инфрақұрылымның болмауы туристік нысандардың жұмысына шектеу келтіріп отыр. Кәсіпкерлер глэмпингтер салуға, қайықпен және жаяу серуендеуді ұйымдастыруға дайын. Инфрақұрылымды жақсарту өз кезегінде туристер үшін қолайлы жағдай туғызады және өңірдің туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деп атап өтті Алмас Салықбаев.

Ол сондай-ақ облыс бойынша үш жыл ішінде 21 кэмпинг салу жоспарланғанын мәлімдеді. Биыл Ақтөбеде «Hilton hotel» қонақ үй кешенін тапсыру жоспарлануда. Қазір Алтын Орда шағын ауданында 4-5 жұлдызды қонақ үй және Қарғалы су қоймасы аумағында Визит орталық салу қарастырылуда.

По информации руководителя управления предпринимательства Алмаса Салыкбаева, в Актюбинской области функционирует 118 объектов придорожного сервиса, 3 санатория-профилактория, 8 особо охраняемых природных территорий, среди которых Иргиз-Тургайский государственный природный резерват. В области также насчитывается 859 памятников истории и культуры, включая республиканского и местного значения.  Одними из наиболее привлекательных туристических объектов на сегодняшний день являются Волчий водопад, база отдыха «Көк Жайлау», пантолечебница «Зару». По мнению Алмаса Салыкбаева, там можно реализовать инвестиционные проекты. Однако прежде стоит решить ряд проблемных вопросов. Они касаются ремонта дорог, установки сотовых базовых станций и благоустройства прилегающих к объектам территорий.

«Эти места могут стать не только туристическими точками, но и курортными зонами области, привлекая большой поток туристов. Однако отсутствие инфраструктуры вносит ограничение в работу туристических объектов. Предприниматели же готовы строить глэмпинги, организовать лодочные и пешие прогулки. Улучшение инфраструктуры, в свою очередь, создаст комфортные условия для туристов и повысит конкурентоспособность региона на туристическом рынке», - отметил Алмас Салыкбаев.

 Он также сообщил, что по области в течение трех лет планируется построить 21 кэмпинг. В планах сдать в этом году гостиничный комплекс «Hilton hotel» в Актобе. Сейчас рассматривается вопрос строительства 4-5-ти звездочной гостиницы в мкр. Алтын Орда и Визит центра на территории Каргалинского водохранилища.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 171
Категория: 
АктобеИнфо