В Актюбинской области обсудили меры господдержки предпринимателей

Ақтөбе облысында кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды Бизнесті қолдау шаралары облыс әкімінің қатысуымен өткен жиын барысында қаралды. Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың мәлімдеуінше, бизнесті қаржылай мемлекеттік қолдау құралдары аясында биыл жоспарланған 1 700 жобадан 1 291 жоба субсидияланды. Мемлекеттік бюджеттен қолдау шаралары үшін 14,7 млрд.тг. қаржы қарастырылды. Ақтөбе облысының аудандары бөлінісінде көптеген жоба Алға, Мұғалжар, Хромтау және Шалқар аудандарында қаржылай қолдауға ие болды. Мамыр айынан бастап өңірде тіркелген ШОБ объектілерінің саны 1 103 бірлікке, ал жұмыс істейтіндер саны 986 бірлікке ұлғайды. Өңірдегі жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым бөлігі, атап айтқанда, 31 324 бірлік – сауда саласына, 14 040 бірлік – қызмет көрсету саласына, 10 129 бірлік – ауыл шаруашылығы секторына, көлік және қоймалауға - 6 023 бірлік, 4 564 бірлік – өңдеу өнеркәсібіне және қалған 22,2% басқа салаларға тиесілі.  Кәсіпкерлер үшін қолдау шараларының бір бағыты – әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне ену. Бұл бағытта «Даму» қоры арқылы 7 пайызбен жеңілдетілген несие ұсыну қарастырылған. Бүгінгі таңда аталған тізілімге 28 әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі тіркелді.  Сондай-ақ, бизнес-жобалардың жетіспейтін инфрақұрылымын қамтамасыз ету де маңызды шаралардың бірі. 2023 жылы Өңірлік үйлестіру кеңесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін салуға 22 жобаны мақұлдады. Биыл 552,0 млн. теңгеге 13 жоба мақұлданды.  Алмас Салықбаев былтыр Хромтауда енгізілген «Өркен» бағдарламасына іспеттес кәсіпкерлікті дамытудың жаңа өңірлік бағдарламасы туралы хабарлады. Бағдарлама кәсіпкерлерге несиені ең төменгі пайызбен рәсімдеуге мүмкіндік береді. Оны іске асыруға бюджеттен 1 млрд теңге бөлу қажет болады. Ақтөбелік бизнесмендер үшін өз ісін дамыту мақсатында оны іске қосу мүмкіндігі 2025 жылға жоспарлануда.  Өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты тыңдағаннан кейін облыс әкімі халық арасында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

В Актюбинской области обсудили меры господдержки предпринимателей   Меры поддержки бизнеса рассмотрели в ходе совещания с участием акима области.   По словам руководителя управления предпринимательства Алмаса Салыкбаева, в рамках инструментов финансовой господдержки бизнеса в этом году был просубсидирован 1 291 проект из запланированных 1 700 проектов. На эти цели выделено 14,7 млрд тг. В разрезе районов Актюбинской области наибольшее число проектов получили финансовую поддержку в Алгинском, Мугалжарском, Хромтауском и Шалкарском районах.   С мая число зарегистрированных объектов МСП в регионе увеличилось на 1 103 единицы, а количество работающих увеличилось на 986 единиц. Большая часть работающих предприятий региона, а именно 31 324 ед. приходится на торговую сферу, 14 040 ед. - на сферу услуг, 10 129 ед. - на сельскохозяйственный сектор, транспорт и складирование - 6 023. ед., 4564 ед. в обрабатывающей промышленности и оставшиеся 22,2% в других отраслях.   Одним из направлений мер поддержки предпринимателей является включение в реестр социальных предпринимателей. В этом направлении предлагаются льготные кредиты под 7 процентов через фонд развития предпринимательства «Даму». Такой возможностью воспользовались 28 предпринимателей.  Также обеспечение недостающей инфраструктуры бизнес-проектов. В 2023 году региональный координационный совет одобрил 22 проекта на строительство объектов инженерно-коммуникационной инфраструктуры. В этом году было одобрено 13 проектов на 552,0 млн тенге.    Алмас Салыкбаев сообщил о новой региональной программе развития предпринимательства – аналоге программы «Өркен», которую внедрили в прошлом году в Хромтау. Программа дает возможность предпринимателям оформить займ под минимальные проценты. На ее реализацию потребуется выделить из бюджета 1 млрд тенге. Возможность ее запуска для актюбинских бизнесменов для развития своего дела в планируют в 2025.    Заслушав информацию по предпринимаемым мерам по поддержке малого и среднего бизнеса в регионе аким области поручил усилить разъяснительную работу среди населения по государственной поддержке предпринимательства.

Источеик.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 158
Категория: 
�����