Облыста кемпингтер желісі кеңейтілмек Облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен аппарат отырысында өңірде жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері қаралды. Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, облыста жол бойында қызмет көрсететін 116 обьект бар. Оның 5-і — барлық ұлттық стандарттарға сәйкес келетін А санатындағы көп функционалды кешен және 4-еуі — кең ауқымды қызмет көрсететін В санатындағы нысан. Қалған С санатындағы 61 нысан және Д санатындағы 46 нысан бөлшек сауда және жанармай құю станциялары ретінде жұмыс істейді. Жол бойында қызмет көрсетететін нысандардың көбі (74 нысан) Самара-Шымкент тас жолының бойында Қызылорда облысы шекарасына дейін орналасқан. Тағы 18 кемпинг Мәртөк ауданындағы тас жолдың бойында, 8 кешен Орск тасжолының бойында, 7-і Қарабұтақ-Қостанай тас жолында, 5-і Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеге тағы 6 жаңа нысан ашылады. Ал 2026 жылға дейін облыста жол бойындағы сервисті дамыту бойынша 22 жоба іске қосу жоспарланып отыр.
В Актюбинской области планируют расширить сеть кемпингов Вопросы развития придорожного сервиса в регионе рассмотрели в ходе аппаратного совещания с участием акима области Асхата Шахарова. Как рассказал руководитель управления предпринимательства Актюбинской области Алмас Салыкбаев, в области действует 116 объектов придорожного сервиса. Из них 5 многофункциональных комплексов категории А, которые соответствуют всем национальным стандартам и 4 объекта категории В, которые предоставляют широкий спектр услуг. Оставшиеся 61 объект категории С и 46 объектов категории Д действуют на уровне розничной торговли и автозаправки. Самое большое количество объектов придорожного сервиса – 74 объекта - расположено вдоль трассы «Самара-Шымкент» вплоть до границы с Кызылординской областью. Еще 18 кемпингов открыты на автодороге в Мартукском районе, 8 комплексов расположены по Орской трассе, 7 - на автодороге «Карабутак-Костанай», 5 – вдоль трассы «Актобе-Атырау». В 2024 году на 1,3 млрд тенге откроют еще 6 новых объектов. А до 2026 года в области планируется запустить 22 проекта по развитию придорожного сервиса.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi