Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері 30 мыңнан астам доза есірткінің заңсыз айналымға шығуының жолын кесті
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде түнгі уақытта Мұғалжар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп "Қарасора-2023" ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, "Ақтөбе-Астрахань" трассасының 90-шақырымында облыстың 35 жастағы тұрғынының басқаруындағы "Ваз-2110" автокөлігін тоқтатты.
Автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан өсімдік тектес, жасыл түсті ерекше иісі бар зат салынған пакет табылды және тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 26 кг 500 грамм болатын "кептірілген марихуана" есірткі заты болып табылады.
Осы факті бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жиналған дәлелдемелер негізінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
В Актюбинской области полицейские не допустили в оборот более 30 тысячи доз наркотиков
21 сентября т.г. ночью сотрудниками полиции Мугалжарского РОП совместно с сотрудниками ДКНБ по Актюбинской области в ходе проведения оперативно-розыскных мероприятий в рамках ОПМ «Қарасора-2023» на 90 км. трассы «Актобе-Астрахань» была остановлена автомашина «Ваз-2110» под управлением 35-летнего жителя области.
В ходе обыска автомашины в багажнике обнаружен и изъят пакет с веществом растительного происхождения, зеленого цвета, со специфическим запахом.
Согласно заключениям экспертизы, изъятое вещество является наркотическим средством «марихуана высушенная», общим весом 26 кг. 500 грамм.
По данному факту в отношении задержанного начато досудебное расследование по ст. 296 ч. 4 УК РК.
Совокупностью собранных доказательств подозреваемый задержан в порядке ст.128 УПК РК и водворен в ИВС Мугалжарского РОП.