Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы 5 үй сатып алынды Жаңа қоныс иелері - Әйтеке би ауданының тұрғындары. Оларға Темірбек Жүргенов және Әйке ауылдарында дайын тұрғын үй сатып алынды. Бұл игі істі Болат Өтемұратов қоры қаржыландырды. Бүгін Әйтеке би ауданының әкімдігінде тұрғын үй сатып алу туралы келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа қордың өкілдері, Әйтеке би ауданының әкімдігі, сондай-ақ тұрғын үй сатушысы және болашақ иесі қол қойды. Айта кету керек, зардап шеккен тұрғындар баспаналарды өздері таңдады. Олардың талап-тіілегі үйдің құрылысын күтпестен, дайын баспана сатып алу еді. 4 отбасыға аудан орталығында, 1 отбасыға Әйке ауылында үй сатып алынды. Әйтеке би ауданының материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясына 133 өтініш келіп түскен. 46 тұрғынның үйлері апатты деп танылды. Алғашқы 5 отбасы баспанаға ие болды. Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаевтың айтуынша, келесі аптада тағы 15 отбасыға үй сатып алынады.
«Кеше үйімізден айырылып, енді біз қалай боларын және не күтетінімізді білмедік. Ал, енді міне бізде жаңа үй бар, қалыпты өмірімізге оралудамыз. Біз үйімізді өзіміз таңдадық»,- дейді Әйтеке би ауданының тұрғыны Ләззат Жұбатова. Айта кетейік, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жұмыстары жалғасуда. Барлық азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіліп, бүлінген мүлік пен қаза тапқан малға өтемақы төленуде. Еске сала кетейік, Болат Өтемұратов қоры көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындарына 10 миллиард теңге қаржы бөлді.
В Актюбинской области приобрели первые 5 домов для пострадавших от паводка Новоселы – жители Айтекебийского района. Им купили готовое жилье в селах Темирбека Жургенова и в Айке. Деньги на эти цели выделил Фонд Булата Утемуратова. Сегодня в акимате Айтекебийского района подписали договор на выкуп жилья. Подписи в документе скрепили представители известного в стране мецената, акимат Айтекебийского района, а также продавец жилья и будущий владелец. Стоит отметить, что дома пострадавшие выбирали сами. Их же желание было приобрести готовое жилье, а не ждать построенного. 4 семьям приобрели дома в райцентре, одной семье – в селе Айке. В комиссию по оценке и возмещению материального ущерба Айтекебийского района поступило 133 заявления. У 46 жителей дома были признаны аварийными. Первым пяти семьям приобрели жилье. По словам акима Айтекебийского района Даулетияра Тугузбаева, еще 15 семьям купят дома на следующей неделе.
«Еще вчера, лишившись своего дома, мы не знали, как быть и что нам ждать. Теперь у нас есть новый дом, мы вернемся к прежней жизни. Дома мы выбирали сами»,- говорит жительница Айтекебийского района Ляззат Жубатова. Стоит отметить, что в Актюбинской области продолжается работа по возмещению ущерба пострадавшим от паводка. Им оказывается помощь и выплачиваются компенсации за испорченное имущество и погибший скот. Отметим, что Фонд Булата Утемуратова выделил 10 миллиардов тенге пострадавшим от весеннего наводнения жителям Актюбинской области.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi