Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында туған жерді абаттандыруға ақтөбеліктер белсене атсалысып жатыр. 3 шілде күні Ақтөбе қаласында полиция департаменті «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзушыларға ескерту жасап, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ жауапкершілік пен әкімшілік жазалар туралы 200-ден астам парақша таратты. «Экопатруль» іс-шарасы елімізде сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» акциясына полицияның зор үлес қосып отырғандығын көрсетті. Өткен үш айдың ішінде көпшіліктің жұмыла жасаған жұмыстарының нәтижесінде айналамыз тазарып қалды. Әркім өзі жүрген жерді таза ұстап, қаланы жайлы әрі әдемі етуге тырысуда.
В Актюбинской области продолжается общенациональная акция «Таза Қазақстан» Актюбинцы активно участвуют в благоустройстве родного края в рамках общенациональной акции «Таза Қазақстан», инициированной Главой государства. 3 июля департамент полиции организовал в Актобе профилактическое мероприятие «Экопатруль». Сотрудники полиции предупреждали нарушителей правил благоустройства, призывали к соблюдению порядка и чистоты вокруг. Распространили более 200 памяток (флаеров) об ответственности и мерах административного взыскания. Экопатруль показал, что полиция вносит значительный вклад в акцию «Таза Қазақстан», которая стартовала в стране в апреле. За эти три месяца в результате работы всего общества окрестности стали намного чище. Каждый на своем месте старается сделать город комфортнее и краше.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi