Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерде жарықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде Қазіргі таңда 11 авариялық бригада және 15-ке жуық арнайы техника 1234 тұтынушыға жарық беру жұмыстарына тартылған. Бұл туралы Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арысұлан Айтбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, облыс әкімі төрағалық ететін су тасқынына қарсы жедел штабпен бірге, әрбір коммуналдық қызмет, «Энергосистема» мекемесі күні-түні жұмыс істеуде.
«27 наурыздан бүгінгі күнге дейін су тасқынына байланысты облыс аумағындағы электр желілерінде апаттық ажыратулар орын алды. 5195 абонент жарықсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде 4000-ға жуық абоненттің үйіне электр энергиясы берілді. Тағы бір мәселе, бірқатар ауданда авариялық ажырату орын алған жерді су басуына байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Су деңгейі төмендеген кезде бригадалар өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Бір айтып өтерлігі, Алға, Хромтау, Мұғалжар аудандарында дизельдік электр станциясы қосылған, бұл 77 абоненттің жарықты үздіксіз пайданалануына мүмкіндік берді»,- деді басқарма өкілі. Ал Ақтөбе қаласының барлық тұрғын алаптарында электрмен жабдықтау қалпына келтірілген. Арысұлан Айтбаев жарықты қалпына келтіру мәселесі басқарманың тұрақты бақылауында екенін айта келе, қала тұрғындары мазалаған сұрақтары бойынша 109 нөміріне және «Энергосистема» мекемесінің диспетчерлік қызметтеріне хабарласуға болатынын алға тартты.
В Актюбинской области продолжается восстановление электроснабжения в пострадавших от паводка населенных пунктах В настоящее время в обеспечении энергоснабжением 1 234 потребителей задействованы 11 аварийных бригад и 15 единиц спецтехники. Об этом сообщил исполняющий обязанности руководителя управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Арысулан Айтбаев. По его словам, все коммунальные службы, в том числе и ТОО «Энергосистема», работают круглосуточно вместе со штабом по ликвидации последствий паводка, возглавляемым акимом области.
«С 27 марта в регионе происходили аварийные отключения линий электропередачи из-за наводнения. Без электричества остались 5 195 абонентов. В результате восстановительных работ электричество было подано в дома почти 4 тысяч абонентов. Сейчас в ряде населенных пунктов, где произошло аварийное отключение, невозможно проводить работы из-за подтоплений. Аварийные бригады продолжат восстанавливать, когда уровень воды снизится. Стоит отметить, что в Алгинском, Хромтауском, Мугалжарском районах подключены дизельные электростанции. Это позволило 77 абонентам бесперебойно пользоваться электроэнергией»,- сказал представитель управления. Вместе с тем, электроснабжение восстановлено во всех жилых массивах Актобе. Арысулан Айтбаев также сообщил, что вопрос восстановления электроснабжения находится на постоянном контроле, и подчеркнул, что при возникновении вопросов жители области могут обратиться по номеру 109 и в диспетчерские службы «Энергосистемы».
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi