В Актюбинской области прошли тактико-специальные учения по тушению лесных и степных пожаров

Ақтөбе облысында орман және дала өрттерін сөндіру бойынша оқу-жаттығу жиыны өтті  Төтенше жағдайлардың алдын алу және қысқа мерзімде шешім қабылдау аясында азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару органдарының өзара іс-қимылын жетілдіру, олардың арнайы күштері мен құралдарының өрт қауіпі бар кезеңіне дайындығын тексеру мақсатында Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы аумағында табиғи өртті сөндіру бойынша арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді.  Арнайы оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің орынбасары А.Есенбаев, аудан әкімдері және ТЖД басшылығы қатысты. Қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары, Мәртөк, Қарғалы, Қобда аудандарының ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы қызметкерлері, медицина қызметкерлері, атқарушы органдар аталған жиынға жұмылдырылды. Өңір басшысының орынбасары оқу-жаттығулар қатысушыларымен әңгімелесіп, олардың төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі туралы сөз қозғалды.  Сценарий бойынша ауа температурасының күрт жоғарлауына байланысты дала алқабының құрғақ шөптерінің жануы орын алды. Салдарынан Мәртөк ауданының орман қорына өту қаупі туындады. Төтенше жағдай орнына жалпы саны 183 адам және 35 бірлік техника болатын күштер мен құралдар жұмылдырылып, өртті орман-дала өртін сөндірді.  Тактикалық оқу-жаттығу жиынының нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалар мен қатысушылардың өзара іс-қимылына талдау жүргізіліп, баяндамалары тыңдалды. Жалпы, жеке құрам қойылған міндеттерді іске асырды, сондай-ақ нақты жағдайларда тиісті тапсырмаларды орындауға дайын.

В Актюбинской области прошли тактико-специальные учения по тушению лесных и степных пожаров  В рамках предупреждения чрезвычайных ситуаций и принятия решений в сжатые сроки в целях совершенствования взаимодействия органов управления служб гражданской обороны, проверки готовности их специальных сил и средств к пожароопасному периоду на территории села Мартук Мартукского района прошли тактико-специальные учения по тушению природных пожаров. В специальном учебно-тренировочном сборе приняли участие заместитель акима области А. Есенбаев, акимы районов и руководство ДЧС.  В учении были задействованы силы и средства городских и районных пожарных подразделений, добровольные противопожарные формирования Мартукского, Каргалинского, Кобдинского районов, работники лесного хозяйства, медицинские работники, исполнительные органы. В тушении условного лесного пожара было задействовано около 183 сотрудников и 35 единиц техники. Заместитель главы региона побеседовал с участниками учений и побеседовал об их алгоритме реагирования в чрезвычайных ситуациях. По сценарию в связи с резким повышением температуры воздуха произошло возгорание сухой травы степного поля. В результате возникла угроза перехода в лесной фонд Мартукского района. По результатам тактического учебно-тренировочного сбора проведен анализ взаимодействия должностных лиц и участников, заслушаны доклады. В целом, личный состав реализовал поставленные задачи, а также готов выполнять соответствующие задачи в конкретных ситуациях.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 285
Категория: 
�����