В Актюбинской области проживает более 100 тысяч пенсионеров

Ақтөбе облысында 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады   Халықаралық қарттар күніне орай ақтөбелік зейнеткерлер үшін мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.   Облыс әкімі Асхат Шахаров құрметті қонақтарды құттықтап, олардың әрқайсысының туған өлкенің дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.  

«Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – аға буынды құрметтеу мен сыйлаудың белгісі. Сіздер біздің еліміздің өндірісін, өнеркәсібін, білім және денсаулық сақтау саласын дамыту үшін, әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еңбек еттіңіздер. Көпшілігіңіз лайықты демалысқа шыққаннан кейін де белсенді қызметтеріңізді жалғастырып, тұрғындармен кездесіп, олардың өзекті мәселелерін облыстық мәслихатта және Қоғамдық кеңесте көтеріп, жас ұрпақты тәрбиелеу ісімен айналысып келесіздер. Ардагерлер кеңестері жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, Президент Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіруге қатысып келеді. Біз халық арасында беделге ие ардагерлеріміздің жұмысын жоғары бағалаймыз. Сіздерге зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін», - деп облыс әкімі меймандарға лебізін білдірді.   Мерекелік дастарханға шақырылған зейнеткерлер бір-бірімен көріскендеріне қуанып, концерттік бағдарламаны тамашалады.   Ақтөбе облысында 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Ең үлкені – 109 жаста. Егде жастағы адамдардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін 9 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді.Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап ақтөбелік зейнеткерлер қоғамдық көлікте тегін жол жүре алады.

 

В Актюбинской области проживает более 100 тысяч пенсионеров   По случаю Международного дня пожилых людей для актюбинских пенсионеров организовали праздничное мероприятие.   Аким области Асхат Шахаров поздравил дорогих гостей, особо отметив вклад, внесенный каждым из них в развитие родного края.  

«От всей души поздравляю вас с Международным днем пожилых людей! Этот праздник является важным знаком почитания и уважения старшего поколения. Вы многое сделали для развития производства, промышленности, образования и здравоохранения нашей страны, особенно в первые годы ее независимости. Уйдя на заслуженный отдых, многие из вас продолжают заниматься активной деятельностью: встречаются с населением, поднимают актуальные вопросы в областном маслихате и в Общественном совете, занимаются воспитанием молодого поколения. Советы ветеранов совместно с местными акиматами участвуют в разъяснении Послания Президента и государственных программ. Мы высоко ценим работу наших ветеранов, которые пользуются авторитетом в народе. Желаю вам здоровья и долгих лет жизни», - пожелал аким гостям праздника.   Приглашенные на праздничный дастархан пенсионеры хорошо провели время общаясь друг с другом и смогли насладиться выступлениями артистов, которые подготовили для них концертную программу.   В Актюбинской области проживает более 100 тысяч пенсионеров. Самому старшему – 109 лет. Для разнообразия досуга пожилых людей действуют 9 центров долголетия. С 1 апреля этого года актюбинские пенсионеры пользуются бесплатным проездом в общественном транспорте.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 123
Категория: 
�����