В Актюбинской области ситуация с паводками стабильная

Ақтөбе облысында су тасқынына қатысты жағдай тұрақты Соңғы екі-үш күнде Қарғалы су қоймасында жауын-шашынның әсерінен судың деңгейі көтерілген болатын. Кеше Қарғалы қоймасы толық қаралды, судың деңгейінің түсуі байқалады. Қоймадағы су деңгейі 2 сағат сайын тексерілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев хабарлады.

«Жалпы осы уақытта су тасқынына қатысты жағдай облысымызда тұрақты деңгейде. Облыс әкімінің төрағалығымен Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда. Ахуалды толығымен бақылап отырмыз», - деді спикер.

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды. Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі нәтижесінде облыстағы 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Қалпына келтіру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілуде. Сонымен қатар, су тасқыны салдарынан өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан бүгінгі күні 206 адамға 64 млн теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Соңдай-ақ, бүгін түнде Қырғызстан Республикасының атынан гуманитарлық көмек келді.

В Актюбинской области ситуация с паводками стабильная За последние два-три дня в Каргалинском водохранилище из-за осадков повысился уровень воды. Вчера полностью объект обследован, наблюдается понижение уровня воды. Уровень воды проверяется каждые 2 часа. Об этом на площадке СЦК сообщил заместитель акима региона Асылбек Есенбаев.

«В целом в настоящее время ситуация с паводками в нашей области находится на стабильном уровне. Оперативный штаб под председательством акима области работает круглосуточно. Мы полностью контролируем ситуацию», - сказал спикер.

ЧС местного масштаба по Актюбинской области объявлена в 6 районах и городе Актобе. В результате затопления и смыва участков дороги временно прервано дорожное сообщение с 11 населенными пунктами области. Восстановительные работы ведутся в режиме 24/7. Кроме того, из семей, оказавшихся в трудной жизненной ситуации в результате паводка, на сегодняшний день 206 человек получили единовременную социальную выплату в размере 64 млн тенге. Работа в этом направлении будет продолжена. Для сбора гуманитарной помощи пострадавшим создано 2 пункта, всего собрано около 300 тонн товаров. Кроме того, сегодня ночью от имени Кыргызской Республики поступила гуманитарная помощь.

Источник.http://@ortcom_kz #CCS

Просмотров: 132
Категория: 
�����