Ақтөбе облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы басталды
Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу, балалардың құқығын қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 7-9 маусымы аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізіледі. Шараға кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен қатар, криминалдық полиция, есірткіге қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері жұмылдырылды.
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау шараларымен қатар, профилактикалық жұмыстарды, олардың құқығын қорғау жұмыстарын да ауқымды түрде жүргізеді. Шара барысында жасөспірімдерді қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға тартқан, кәмелетке толмағандарға алкогольдік сусындар мен темекі өнімдерін сатқан, ата-аналық міндеттерін орындамайтын ересектерді анықтауға ерекше назар аударылатын болады.
Жыл басынан бері түрлі облыста құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 2419 кәмелетке толмаған жеткізілді, балалардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз үй-жайдан тыс болуына жол бергені үшін 1770 ата-ана, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 75 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
В Актюбинской области стартовало оперативно-профилактическое мероприятие «Подросток»
В целях профилактики и пресечения правонарушений и преступлений среди несовершеннолетних, защиты прав детей с 7 по 9 июня текущего года на территории области проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Подросток».
В мероприятии задействованы участковые инспекторы полиции по делам несовершеннолетних, сотрудники криминальной полиции, подразделений по борьбе с наркотиками, а также представители организаций образования. В ходе ОПМ "Подросток " сотрудники полиции наряду с мероприятиями по выявлению преступлений и правонарушений среди несовершеннолетних, проводят целенаправленную профилактическую работу, работу по защите их прав.
В ходе ОПМ особое вниамние будет уделено фактам продажи несовершеннолетним алкогольных напитков и табачных изделии, выявлению взрослых лиц, вовлекающих несовершеннолетних в совершении правонарушений и преступлений, а также лиц неисполняющие родительские обязанности по воспитанию детей.
С начала года за совершение различных правонарушений и преступлений в органы внутренних дел доставлено 2419 несовершеннолетних, за нахождение несовершеннолетних вне жилища без сопровождения законных представителей в ночное время суток привлечено к административной ответственности 1770 родителей, за неисполнение обязанностей по воспитанию детей 75 родителей.