Ақтөбе облысында жоспарланған егіс алқабының 80%-на тұқым себілді Ақтөбе облысындағы көктемгі егістік науқаны аяқталуға жақын.
«Биыл облыстың 747,3 мың гектар алқапқа егіс алқабына егін егу жоспарлануда. Оның 70 пайыздан астамы – дәнді дақылдар. 15 пайызына мал азығы, 10 пайызына майлы дақылдар егіледі. Көктемгі далалық жұмыстарға 7,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Шаруашылықтарға ол 249 теңгеден сатылуда. Бұл нарық бағасынан 15 пайызға арзан»,
- деді Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Абтиев. Оның сөзінше, қазіргі таңда 470 мың гектар жерге немесе жоспарланған алаңның 78,2%-на тұқым себілді. Оның ішінде 365,3 мың га - дәнді, 49,7 мың га - майлы, 51,5 мың га - мал азығы және 3,5 мың га-ға картоп пен көкөніс-бақша дақылдары егілді. Ауа райы жағдайын ескере отырып, егіс науқанын маусым айының басында аяқтау жоспарлануда.
В Актюбинской области уже засеяно почти 80% от запланированных площадей Весенняя посевная кампания вышла на финишную прямую в Актюбинской области.
«В этом году по Актюбинской области планируется засеять 747,3 тысячи га. Более 70 процентов площадей отведены под зерновые культуры, 15 % - под кормовые, 10 процентов займут масличные культуры. На весенние полевые работы выделено 7,2 тысячи тонн удешевленного дизельного топлива. Хозяйствам оно реализуется по цене 249 тенге за один литр. Это на 15 процентов дешевле рыночной стоимости»,- рассказал заместитель руководителя управления сельского хозяйства и земельных отношений Асылхан Абтиев. По его словам, на сегодня уже засеяно 470 тысяч гектаров или 78,2% от планируемых площадей. Из них зерновыми - 365,3 тыс. га , масличными - 49,7 тыс. га, кормовыми культурами - 51,5 тыс. га, а также картофелем и овощебахчевыми культурами - 3,5 тыс. га. Планируется, что при хорошей погоде посевные работы будут завершены в течение недели.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi