В Актюбинской области в День Республики открылась еще одна школа

Ақтөбе облысында Республика күні тағы бір мектеп ашылды  Қобда ауданындағы Терісаққан ауылында 60 орындық мектеп ашылды.  Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров жергілікті тұрғындарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.

«Әрбір қазақстандық үшін маңызы зор мерекеде өңірде жаңа мектептер ашылып жатыр. Елімізде әрбір азаматтың бейбітшілікте өмір сүруіне, балаларымыздың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барлық жағдай жасалуда. Оның дәлелі - облыс бюджетінің 40 пайызы білім саласына бағытталған. Бұл бір жағынан ұлтымыздың болашағына салынған инвестиция және жақсы білім алу арқылы оқушылардың өмірде үлкен биіктерге жете алатындығының кепілі. Қазір облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 14 мектеп салынып жатыр, онда балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін жайлы білім беру ортасы құрылмақ. 2025 жылға қарай өңірде 24 150 оқушыға 44 жаңа мектеп салу жоспарлануда. Оларды пайдалануға беру облыстағы оқушы орындарының тапшылығы мәселесі шешіледі. Терісаққан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен тағы да құттықтаймын. Мектеп түлектері өмірде жетістіктерге жетіп, еліміздің жарқын болашағын құратынына сенімдімін»,- деп облыс әкімі ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді.

В Актюбинской области в День Республики открылась еще одна школа  Школу на 60 мест открыли в селе Терисаккан в Кобдинском районе.  В торжественном мероприятии принял участие аким области Асхат Шахаров. Он поздравил местных жителей с Национальным праздником – Днем Республики.

«Символично, что в такой особенный и священный для каждого казахстанца праздник мы открываем в регионе новые школы. В нашей стране создаются все условия для того, чтобы мы жили в мире, а наши дети получали качественное образование и достойное воспитание. Из областного бюджета ежегодно сорок процентов выделяется на сферу образования. Это инвестирование в будущее нашей нации и залог того, что, получая хорошее образование, дети смогут достичь больших высот в жизни. Сейчас в области строится 14 школ в рамках Национального проекта «Комфортные школы», где создается комфортная образовательная среда, способствующая всестороннему развитию детей. К 2025 году в регионе планируется построить 44 новые школы на 24 150 учащихся. С их вводом решится вопрос дефицита ученических мест в области. Еще раз поздравляю жителей Терисаккана с открытием новой школы. Уверен, что ее выпускники достигнут успехов в жизни и создадут светлое будущее нашей страны»,- аким области высказал теплые пожелания жителям села.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 129
Категория: 
�����