В Актюбинской области в этом году отремонтируют 288 км дорог

Ақтөбе облысында биыл 288 шақырым жол жөнделеді Өңірдегі жол құрылысы мен жөндеу жоспарлары облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды. Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Айбек Қайырдың айтуынша, қазіргі таңда Ақтөбе облысындағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық күйдегі көрсеткіші 78%-ке жеткен.  Биыл жалпы ұзындығы 288 шақырымды құрайтын 101 жобаны жүзеге асыруға 44,7 млрд теңге бөлінген. Олардың ішінде 21 жергілікті жолдар мен 80 қалааралық және ауылішілік жолдарға қатысты жобалар бар. Ерекше назар аудан мен ауылдарды байланыстыратын жолдарды жөндеуге бөлініп отыр. Сонымен қатар, «Ауыл ел – бесігі» жобасы аясында жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеге аудандардағы 26 ауылішілік жолды салу және жөндеу жобасы жүзеге асырылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде облыс жолдарының жақсы және қанағаттанарлық күйде болу көрсеткіші 82%-ға жетеді деп күтілуде.  Айбек Қайыр сондай-ақ, бұрын салынған жолдардағы кемшіліктерді жою бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2024 жылы Ұлттық жол сапасы активтері орталығы 166 жобада 205 кемшілік анықтаған. Қазіргі уақытта 88-і жойылды, ал қалған 117-нде жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі жолдардағы ақауларды жою жұмыстарын жеделдетуді және жолдардың сапасы мен құрылыс-жөндеу процесін қатаң бақылауды тапсырды.

«Жол инфрақұрылымын дамытуға қомақтықаражат бөлініп отыр. Жолдарды жөндеу мен құрылыс жұмыстарын жоғары сапада жүргізу қажет. Жол жағдайын бақылауды күшейту керек. Әрбір жоба уақытында және кемшіліктерсіз аяқталуы тиіс», - деп тапсырма берді облыс әкімі.

В Актюбинской области в этом году отремонтируют 288 км дорог  Планы по строительству и ремонту дорог в регионе рассмотрели на аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова. Как отметил руководитель управления пассажирского транспорта и автодорог Айбек Кайер, на сегодня доля дорог в Актюбинской области в хорошем и удовлетворительном состоянии достигла 78%.  В 2025 году выделено 44,7 млрд тенге на реализацию 101 проекта общей протяженностью 288 км. В их числе 21 проект по местным дорогам и 80 проектов по городским и внутрипоселковым дорогам. Особое внимание будет уделено ремонту дорог, которые соединяют район и села. Помимо этого, в рамках проекта «Ауыл ел - бесігі» будет реализовано 26 проектов по строительству и ремонту внутрипоселковых дорог в районах на сумму 4,7 млрд тенге. По итогам выполненных работ ожидается, что доля автомобильных дорог в регионе в хорошем и удовлетворительном состоянии будет доведена до 82%.  Айбек Кайер также обратил внимание на то, что активно проводится работа по устранению дефектов на уже построенных дорогах. В 2024 году Национальным центром качества дорожных активов было выявлено 205 дефектов на 166 проектах. На сегодняшний день 88 дефектов уже устранены, по оставшимся 117 дефектам работа продолжается.  Аким области поручил ускорить работы по устранению оставшихся дефектов на дорогах и усилить контроль за качеством дорог, а также за процессом их строительства и ремонта.

«На развитие дорожной инфраструктуры региона выделяются немалые средства. Необходимо обеспечить проведение ремонта и строительства дорог на должном уровне качества. Контроль за состоянием дорог должен быть усилен. Важно, чтобы каждый проект был завершен в срок и без дефектов», - поручил аким.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 126
Категория: 
�����