Ақтөбе облысында еісрткі пайдаланған жүргізуші ұсталды
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Мұғалжар ауданында Ақтөбе-Астрахань автожолының 90 шақырымында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін "Audi-80" автокөлігі тоқтатылды. Көлікті 35 жастағы жергілікті тұрғын басқарған.
Құжаттарды тексеру кезінде автокөлік жүргізушісінің бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғандығы, сонымен қатар ол көлік құралын есірткіге масаң күйде басқарғаны анықталды.
20-24 ақпан аралығында облыс аумағында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын естерінізге саламыз.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйде көлік жүргізбеуді ЕСКЕРТЕДІ!
Айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеңіз, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың мас күйінде көлік жүргізуіне жол бермеңіз.
В Актюбинской области задержан водитель под «кайфом»
21 февраля т.г. в Мугалжарском районе на 90 км. автодороги «Актобе-Астрахань» в ходе проведения ОПМ «Безопасная дорога» за нарушение Правил дорожного движения была остановлена автомашина «Audi -80». Автомашиной управлял 35–летний местный житель.
При проверке документов выяснилось, что автолюбитель лишен водительских прав, кроме того, он управлял транспортным средством в состоянии наркотического опьянении.
Хотим отметить, что ОПМ «Безопасная дорога» проводится на территории области с 20 по 24 февраля.
В этой связи, Департамент полиции Актюбинской области предупреждает автовладельцев соблюдать ПДД и не садиться за руль автомобиля в состоянии алкогольного или наркотического опьянения. Не подвергайте жизнь и здоровье, окружающих опасности, не позволяйте своим близким и родным садиться за руль пьяными.