В Актюбинской области запустят новый проект по трудоустройству граждан

Ақтөбе облысында азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылады     Астана қаласында жүзеге асып жатқан «Jol Tap» жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды. Оның аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізіледі, сондай-ақ тегін қысқа мерзімді оқыту курстары ұсынылады және жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа орналастырылады. Жобаның негізгі ерекшелігі – мамандар азаматтардың келуін күтпей, керісінше, сауда орталықтары секілді адам көп жүретін жерлерге шығып, кеңес береді. Бұл бағытта өңірлерде атқарылып жатқан шаралар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.    Ақтөбе облысында жоба арқылы жұмысқа орналастырудың 2 нұсқасы жүзеге асырылмақ. Облыстың жастар саясаты басқармасының басшысы Мирхан Ермағанбетовтің сөзінше, бүгінде өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізілген. Нәтижесінде 40 кәсіпкер жобаға қатысушылар үшін шеберлік сағаттарын өткізіп, кейін оларды жұмысқа орналастыруға келіскен.  

«Сондай-ақ біз индустриалды даму басқармасы арқылы өнеркәсіп орындарындағы вакансияларды ұсынбақпыз. Қазіргі таңда алдын ала келісім бар. Бұл ретте еңбек мобильділігі орталығының мүмкіндіктерін пайдалану көзделіп отыр»,— деді Мирхан Ермағанбетов.    Өңірде жоба 15 шілдеден бастап жүзеге асырылмақ. Оның шеңберінде облыс орталығының халық көп шоғырланған аумақтарында 5 модульді пункт орнату қарастырылған.  

«Жоба әр өңірдің өз ерекшеліктеріне қарай жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, оң тәжірибелермен өзара алмасу қажет деп ойлаймын. Ең негізгі мақсат – азаматтарды жұмыспен қамту. Бұл ретте барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек»,— деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

В Актюбинской области запустят новый проект по трудоустройству граждан    Реализация проекта содействия занятости, подобного астанинскому «Jol Tap», началась в нескольких регионах страны. В рамках него проводятся консультации по мерам господдержки, предоставляются бесплатные краткосрочные курсы обучения и обеспечивается трудоустройство безработных или занятых на непостоянных рабочих местах граждан. Особенность проекта в том, что специалисты не ждут прихода желающих, а сами выходят в места массового скопления людей, например, торговые центры. Ход его реализации в регионах рассмотрен на совещании под председательством заместителя Премьер-Министра РК Тамары Дуйсеновой.    Актюбинская область предлагает 2 варианта трудоустройства в рамках проекта. По словам руководителя областного управления молодежной политики Мирхана Ермаганбетова, в регионе проводились переговоры с представителями малого и среднего бизнеса. В результате 40 предпринимателей согласились провести мастер-классы для участников проекта и в дальнейшем трудоустроить их.   

«Также мы через управление индустриального развития хотим предлагать вакансии в промышленных предприятиях. Сейчас предварительная договорённость есть. В этом деле хотим использовать возможности центров трудовой мобильности»,— отметил Мирхан Ермаганбетов.    Проект в регионе начнет работу с 15 июля. В рамках реализации будет установлено 5 мобильных пунктов в местах массового скопления людей в областном центре.  

«В каждом регионе проект реализуется с учетом местной специфики. Считаю, необходимо обмениваться положительным опытом друг с другом. Основная задача – трудоустройство граждан. В этом деле мы должны использовать все имеющиеся возможности»,— подчеркнула Тамара Дуйсенова.  

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 171
Категория: 
�����