Әйтеке би ауданында су тасқынынан зардап шеккен 13 отбасы үйлі болды Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Әйтеке би ауданының тұрғындарына үй сатып алынды. Еріген судан үйлері апатты жағдайда қалған тағы 8 отбасы баспананы өздері таңдаған. Екі апта бұрын бес әйтекебилік отбасы жаңа қонысқа көшкен еді. Негізі, аудан бойынша 150-ге жуық арыз түсті. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың өтініші негізінде құрылған комиссия әр үйге техникалық бақылау жүргізді. Нәтижесінде 48 үй жарамсыз деп танылды. Соның ішінде 21 отбасы екінші нарықтағы, дайын пәтерлерді сатып алуға ынталы екендіктерін жеткізді. Қалғанына үй жаңадан салынады.
«Осыдан екі апта бұрын біз «Болат Өтемұратов қорының» қолдауымен бес тұрғынға жаңа үй сатып алып берген болсақ, бүгінгі таңда, міне Ақтөбе қаласына келіп, тағы да сегіз отбасыға үй сатып алып бердік. Енді келесі аптада тағы да жеті-сегіз отбасының құжаттарын түгелдей дайындап болғаннан кейін, осы сатып алу рәсімі жүргізіледі. Мұнымен дайын баспана сатып алғысы келетіндердің мәселесі шешіледі, қалған жерлестерімізге жаңадан үй сатып аламыз»,- деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев. Тұрғын үйлерді салу жұмыстары ауданда басталып кетті. Үш құрылыс компаниясы үш айда барлық құрылыс жұмыстарын аяқтауы тиіс.
В Айтекебийском районе 13 семьям, пострадавшим от паводка, предоставили жилье Две недели назад пять семей Айтекебийского района справили новоселье. Еще восемь семей, чьи дома после паводка были признаны аварийными, переезжают в купленные для них дома. Жилье они выбирали сами. Все дома приобретаются за счет спонсорских средств. Всего по району поступило около 150 заявлений. На их основании комиссия проверила техническое состояние каждого жилья. В результате 48 домов были признаны аварийными. Владельцы 21 дома выразили желание приобрести жилье на вторичном рынке. Остальным построят новые дома.
«Две недели назад при поддержке «Фонда Булата Утемуратова» мы купили жилье для пяти семей, сегодня приобрели дома еще для восьми семей. На следующей неделе оформим документы на покупку жилья еще для семи-восьми семей. Таким образом закроем жилищный вопрос для тех семей, которые пожелали купить готовые дома. Для остальных построят новое жилье»,- сказал аким Айтекебийского района Даулетияр Тугузбаев. Три стройкомпании уже приступили к строительству домов в районе. Завершить работы планируют за три месяца.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi