В департаменте полиции поздравили представителей СМИ

Полиция департаментінде БАҚ өкілдерін марапаттау шарасы өтті

28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов бір топ БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтап, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында тер төгіп жүрген тәртіп сақшыларының қызметіне қолдау білдіргені, өзара әріптестігі үшін алғысын жеткізді.
Шарада «Еуразия 1 арнасының» тілшісі Ақбаян Сұлтанмұратова мен «Рика» телеарнасының журналисі Жанар Датқызына Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің Алғыс хаты салтанатты түрде тапсырылды.
Сонымен қатар, полицейлердің қызметін насихаттауға сүбелі үлес қосып жүрген БАҚ өкілдерінің ішінде Полиция департаменті бастығының Алғыс хатымен «31 Арна», «24 kz», «КТК», «Ақтөбе» телеарналарының, «Диапазон», «Керек инфо», «Актюбинский вестник», «Ақтөбе» газетінің кәсіби мамандары марапатталды.
«Сіздер ішкі істер органдарының қызметін халыққа жеткізетін алтын көпірсіздер. Сіздердің қызметтерінің – қиындығы мен қызығы мол, әрдайым әділдікке мойынсұнатын сала. Халықтың қуанышы мен толғанысын жеткізіп жүрген Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл сала – бойында нағыз батылдық мінез бен адалдықты жинаған жандардың мекені. Мереке қарсаңында баршаңызға шығармашылық шабыт, қарымды қалам, бақ-береке, отбасыңызға амандық тілеймін» - деді полиция полковнигі Абай Жусупов өзінің құттықтау сөзінде.

В департаменте полиции поздравили представителей СМИ
В преддверии Дня работников связи и информации начальник Департамента полиции Актюбинской области Абай Жусупов поздравил работников СМИ с профессиональным праздником и поблагодарил их за поддержку и плодотворное сотрудничество по освещению деятельности страж порядка.
На церемонии награждения корреспонденту телеканала «Первый канал Евразия» Акбаян Султанмуратовой и журналисту телеканала «Рика ТВ» Жанар Даткызы были торжественно вручены Благодарственные письма Министра внутренних дел РК Ержана Саденова.
Кроме того, среди представителей СМИ, внесших весомый вклад в пропаганду деятельности полицейских, Благодарственным письмом начальника Департамента полиции были награждены сотрудники телеканалов «31 канал», «24 kz», «КТК», «Актобе», а также газет «Диапазон», «Керек инфо», «Актюбинский вестник», «Актобе».
"Вы проводите кропотливую работу по доведению нелегких будней сотрудников органов внутренних дел населению. Вы - мастера своего дела, каждый день находясь на передовой, поднимаете самые актуальные вопросы. Сердечно поздравляем вас с профессиональным праздником. Несомненно, ваша работа – сфера смелых и справедливых людей. В преддверии праздника желаю всем творческого вдохновения, счастья, успехов и семейного благополучия», - отметил в своей поздравительной речи полковник полиции Абай Жусупов.

Источник.https://www.instagram.com/p/C8uE3k3Mn0-/

Просмотров: 216
Категория: 
�����