Осы күндері Ақтөбеде екі айлық санитарлық тазалық және абаттандыру науқаны жүріп жатыр. Оның аясында қала аумағындағы 70-ке жуық саябақтар мен скверлер назарға алынды.
Сенбіліктен кейін қала әкімі Азамат Бекет Астана және Алматы аудандарының әкімдерімен, қала әкімінің орынбасарларымен және жауапты бөлімдер басшыларымен бірге көшелерді жаяу аралап, тұрғын алаптарға барды.
Алматы ауданының әкімі Рүстем Өтешовке Қарғалыдағы (Жилянка) Жеңіс саябағын 9 мамырға дейін тазалап ретке келтіру тапсырылды.
«Бұл Жеңіс саябағы - қаланың тарихи орны. Сондықтан, ескерткіштерді бұзбай, жаңартып қою керек. Осы орынды тұрғындармен бірге биыл Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар өткізуге лайықты ретке келтіру керек», - деп тапсырды Азамат Бекет.
Есет батыр (Нұр сити) тұрғын алабының екінші шағын ауданының кіреберісін жылдар бойы көктемде су басатын болғандықтан, өткен жылы суағар арнасы салынды. Биыл бұл ауданды көктемде су басқан жоқ. Қала әкімі арнаны қоқыстан тазалап, саябақ аумағындағы бос жерді асфальттап, автотұрақ ретінде жасауды тапсырды.
Ескі қаланың байырғы тұрғындары үшін ерекше ыстық саналатын Ретро парк те назардан тыс қалмады. Бұл орын жеке кәсіпкердің иелігінде болғандықтан, ұзақ жылдардан бері жаңғыртылмай, саябақ мүлкі ескіріп тұр. Қала әкімі саябақта демалып жүрген зейнеткер әжейлермен әңгімелесіп, олардың саябақты жаңарту туралы пікірлерін тыңдады.
«Біз биыл қала аумағында бос жатқан учаскелерді демеушілен есебінен абаттандырамыз. Сол сияқты, қаламыздың тарихынан сыр шертетін осындай көне саябақтардың да мүлкін жаңарту да жоспарымызда бар. Биыл вокзал алаңы, Ж.Кереев көшесі жөнделеді. Кереев скверіндегі субұрқақты жөндедік, мамыр айында іске қосамыз», - деді Азамат Бекет.
В эти дни в Актобе проходит двухмесячник по санитарной очистке и благоустройству. В его рамках внимание уделено порядка 70 паркам и скверам на территории города.
После субботника аким города Азамат Бекет вместе с акимами районов Астана и Алматы, заместителями акима города и руководителями ответственных отделов прошел улицы пешком и посетил жилые массивы.
Акиму Алматинского района Рустему Отешову поручено до 9 мая привести в порядок Парк Победы в микрорайоне Каргалы (Жилянка).
«Это историческое место города. Памятники нужно обновить, сохранив их. В этом году 80-летие Победы. Необходимо привести это место в порядок, чтобы жители могли комфортно и безопасно отдыхать в парке», - поручил Азамат Бекет.
Так как вход во второй микрорайон жилого массива Есет батыр (Нур Сити) годами затапливало весной, в прошлом году был построен водоотводный канал. В этом году этот район весной не затопило. Аким города поручил очистить канал от мусора, заасфальтировать пустующую территорию в районе парка и сделать ее парковкой.
Не остался без внимания и Ретро-парк, особо почитаемое место для старожилов старого города. Так как это место находится в собственности частного предпринимателя, оно долгое время не обновлялось, и имущество парка обветшало. Аким города поговорил с отдыхающими в парке пожилыми женщинами, выслушал их мнение о необходимости обновления парка.
«В этом году мы благоустроим пустующие участки на территории города за счет спонсоров. Также в наших планах обновить имущество таких старых парков, которые рассказывают об истории нашего города. В этом году будут отремонтированы привокзальная площадь и улица Ж. Кереева. Мы отремонтировали фонтан в сквере Кереева, запустим его в мае», - сказал Азамат Бекет.
Источник.https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DIY7UcaKAcp/