В эвакопунктах Кобдинского района размещены 70 человек

Қобда ауданындағы эвакуациялық орталықтарға 70 адам орналасты   Ауданда биылғы жылдың 28 наурызынан бастап көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.   Су тасқыны кезінде тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін Қобда ауылында спорт мектебі мен аудандық аурухана эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылды. Жалпы көшірілген адамдар саны – 1147 болса, орталықтарға 70 адам орналасқан.   Облыс әкімі Асхат Шахаров Қобда ауданына жұмыс сапары барысында табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады.     Қобдалықтар баспана мен өлген малдың шығыны қалай өтелетінін және тағы да толғандырған мәселелеріне жауап алды.  

«Осы қиын сәтте тұрғындарды сабырлық танытуға шақырамын. Президент біз нақты тапсырмалар берді. Зардап шеккендердің бәріне де тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша қолдау көрсетіледі, апаттан келтірілген залал үшін өтемақы төленеді. Қазір су тасқынының салдарын жоюға барлық күштер жұмылдырылды. Өңірдегі жанашыр азаматтар да көмек қолын созуда. Құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, дәрігерлер, ерікті жандар тұрғындарды, жануарларды құтқаруда батылдық танытты. Су тасқыны қаупі сейілді деп айту әзірге ерте. Сондықтан босаңсуға болмайды. Жағдай тұрақтанған соң, бәрін қалпына келтіреміз. Жолдарды жөндеп, үйлер саламыз. Бірде-бір адам көмексіз қалмайды»- деп атап өтті облыс әкімі.   Аудандық әкімдіктің дерегіне сүйенсек, бүгінде Қобда ауданында 284 үйді су басқан.    Барлық зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмектер ұйымдастырылып, қолдаулар көрсетілуде. Ауданда материалдық залалды есептеу және өтеу бойынша құрылған комиссия үш күнде 189 адамнан құжат қабылдады.

В эвакопунктах Кобдинского района размещены 70 человек   С 28 марта в районе объявлена чрезвычайная ситуация из-за паводка.   Для переселения жителей в безопасное место во время весеннего паводка в селе Кобда открыли эвакуационные пункты в спортшколе и райбольнице. Общее количество эвакуированных - 1147 человек, в эвакопунктах находятся 70 человек.   Аким области Асхат Шахаров в ходе рабочей поездки в Кобдинский район встретился с жителями, пострадавшими от стихийного бедствия, и выслушал их пожелания.   Жители Кобды получили ответы на свои вопросы о том, как компенсировать потерю жилья и погибшего скота.  

«В это нелегкое время прошу население проявить терпение. Всем пострадавшим будет оказана поддержка в восстановлении жилья, выплачена компенсация за нанесенный стихией ущерб. Никто не останется без помощи. Сейчас все силы мобилизованы на ликвидацию последствий наводнения. Жители региона сплотились в нашей общей беде, протянули руку помощи. Спасатели, полицейские, армия, врачи, волонтеры - каждый проявил мужество в спасении людей, животных. Угроза паводка еще не миновала. Поэтому еще рано расслабляться. Но ситуация стабилизируется и мы наведем порядок. Дороги отремонтируем, построим дома. Никто из пострадавших не останется без помощи»,- сказал аким области.   По данным акимата Кобдинского района, сегодня в районе затоплено 284 дома.    Организуется гуманитарная помощь и оказывается поддержка всем пострадавшим жителям. За три дня в комиссию по оценке и возмещению материального ущерба поступили документы от 189 человек.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 206
Категория: 
�����