Сессия барысында облыс әкімі Ақтөбе өңірінің ҚХА мүшелерінің қызметіне тоқталып, олардың су тасқынымен күресте белсенді қатысқанын атап өтті.
«Биыл халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Еліміздің көптеген аймақтарын, оның ішінде біздің өңірімізді тасқын су басты. Ақтөбеліктер зардап шеккен жерлестеріне көмек қолын созып, ынтымақ пен бірлік танытты. Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктер де белсенділік танытты, отандастарына көмектесті. Жұртқа жан-жақты көмек беру үшін Ассамблея мүшелері өңірлік штаб құрып, эвакуациялық пункттерде тәулік бойы жұмыс істеді, тұрғындарға, құтқарушылар мен еріктілерге ыстық тамақ таратты. «Қоғамдық келісім» ғимаратында гуманитарлық көмек жиналды, эвакуациялық пункттерге азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық заттар жеткізілді. Облыстық Ассамблея мүшесі, «Глобал-Спецодежда» ЖШС директоры Надежда Александровна Шабаева су тасқынымен күресіп жүрген азаматтарға 1057 данаарнайы киім тігіп, таратты. Мұндай іс-әрекеттер Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым екенін дәлелдейді. Сіздерге алғысым шексіз»,- деді облыс әкімі. Асхат Шахаров қоғамдағы бейбітшілікпен келісімді нығайту өте маңызды міндет екенін және Ассамблея жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп, бұл мәселелерді тұрақты бақылауда ұстап, этноәлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтап, осындай оқиғалардың алдын алу керектігін атап өтті.
В ходе сессии аким области акцентировал внимание на деятельности членов АНК Актюбинского региона и их активном участии во время паводка.
«В этом году наш народ прошел через тяжелое испытание. В результате паводка во многих регионах страны, в том числе и в Актюбинской области, были подтоплены дома. Актюбинцы проявили солидарность и единство, протянув руку помощи пострадавшим землякам. С первых дней паводка представители Ассамблеи народа Казахстана и этнокультурных объединений Актюбинской области оказывали помощь и поддержку своим соотечественникам. Члены Ассамблеи оперативно создали региональный штаб и круглосуточно работали в эвакуационных пунктах, раздавали горячую еду жителям, спасателям и волонтерам. В здании «Қоғамдық келісім» был организован сбор гуманитарной помощи, в эвакуационные пункты доставляли продукты питания, одежду и предметы домашнего обихода. На предприятии ТОО «Глобал-Спецодежда», руководимом членом Ассамблеи Надеждой Шабаевой, было сшито и роздано 1057 единиц спецодежды людям, принимавшим участие в ликвидации паводка. Такие поступки доказывают, что Ассамблея народа Казахстана Актюбинской области – уникальная структура, служащая укреплению нашего единства. От себя лично выражаю вам благодарность»,- сказал аким области. Асхат Шахаров отметил, что укрепление мира и согласия в обществе является очень важной задачей и Ассамблея совместно с местной исполнительной властью должна держать эти вопросы под постоянным контролем, а также выявлять очаги этносоциальной напряженности и предотвращать подобные инциденты.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi