В Каргалинском районе у «Волчьего водопада», одном из популярных и красивых туристических мест региона, прошел субботник

Сарқырамадағы сенбілік    Сенбіде табиғаты көркем Қарғалы ауданының керемет жерлерінің бірі — «Қасқыр сарқырамасында» тазалық шарасы өтті.    «Біз таза Қазақстан үшін!» флэшмоб-плоттингіне Қарғалы ауданының әкімі Асқар Жүсібәлиев, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев, «Родина.KZ» ұйымының төрағасы Юрий Гончаров, «Eco Madeniet» волонтерлік қозғалысының көшбасшысы Айман Сексенова қатысты.  

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына біздің аудан да үн қосты. Қазіргі уақытта туристер жиі келетін аумақ болғандықтан «Қасқыр сарқырамасы» аталып кеткен туристік аумақты қоқыстан тазалауды жөн көрдік. Экологиялық акцияға облыстық кәсіпкерлік басқармасының қызметкерлері, аудандық бөлімдер мен мекеме ұжымдары қатысты»,— дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Тәженов.   «Eco Madeniet» волонтерлік қозғалысының көшбасшысы Айман Сексенованың айтуынша, экологиялық акцияға үлес қосу — әр тұрғынның азаматтық парызы.  «Әдетте біз тек облыс орталығындағы сенбіліктерге қатысатынбыз. Бұл жолы Қарғалы ауданындағы Қасқыр сарқырамасына бардық. Таза ауамен тыныстап, сарқыраманы тамашалап, сол маңның тазалығына үлес қостық. Біздің волонтерлермен бірге кәсіби кологтар да белсене атсалысты»,— деді Айман Сексенова.    Сонымен қатар ол өлкемізді таза ұстау үшін табиғат аясында демалғанда әрбіріміз отырған жерімізді шашпай-бүлдірмей, керісінше, тазалап кету мәдениетіне үйренуіміз қажеттігін айтты.

Субботник у водопада    В Каргалинском районе у «Волчьего водопада», одном из популярных и красивых туристических мест региона, прошел субботник.    «У водопада был организован флешмоб «Мы за чистый Казахстан!». В нем приняли участие аким Каргалинского района Аскар Жусибалиев, руководитель областного управления предпринимательства Алмас Салыкбаев, председатель организации «Родина.KZ» Юрий Гончаров, лидер волонтерского движения «Eco Madeniet» Айман Сексенова.  Наш район также присоединился к республиканской акции «Таза Қазақстан». Мы решили очистить излюбленое место туристов - «Волчий водопад». В экологической акции приняли участие работники областного управления предпринимательства, а также районных отделов»,- рассказал  руководитель райотдела внутренней политики Нуржан Таженов.   По словам Айман Сексеновой, лидера волонтерского движения «Eco Madeniet», участвовать в экологической акции – гражданский долг каждого казахстанца.  

«До этого мы участвовали в субботниках в областном центре. Но решили на этот раз выехать к водопаду. Побывали на свежем воздухе, в красивом месте, заодно убрали здесь весь мусор. В субботнике участвовали наши волонтеры и профессиональные экологи»,- рассказала Айман Сексенова.  Лидер эко-движения также отметила, что поддерживать порядок и чистоту нужно всегда и везде. Для этого необходимо приучить себя не сорить в том месте, где находишься и убирать за собой после отдыха на природе. Тогда мы действительно добьемся процветания своей страны и родного края.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 254
Категория: 
�����