В Кобдинском районе часть домов, строившихся для пострадавших от паводка, планируют сдать уже в этом месяце

Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердің кейбірінің шатыры жабылып жатыр   Ақтөбе облысы Қобда ауданында 151 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мамыр айының басында басталған кейбір құрылыс осы айда аяқталады. Үй иелері жеребе арқылы анықталады.   Ақтөбе облысы Қобда ауданында құрылыс жұмысы ерте басталды. Аудан бойынша 151 үй салынып жатыр. Оның көбі Қобда ауылында болса, 17-сі – Жарық ауылында. Қобда ауданы орталығында су, газ, жарығы бар жер телімінде бірнеше құрылыс компаниясының жұмысы қызу.  

«Құрылыс жұмысы 2 айда аяқталады деп келісілді. Бірақ құрылыс сапасы үшін оларды асықтырмаймыз. Облыс бойынша құрылыс алдымен осы Қобдада басталды. Құрылысты жүргізіп жатқан 15 компанияның әрқайсысының жылдамдығы әрқалай. Кейбірі қабырғасын қаласа, кейбірі ішкі әрлеу жұмысына көшті. Шатырын жауып жатқан компаниялар да бар. Барлық үйлерді техникалық, авторлық бақылаушылар бақылап жүр. Сонымен бірге құрылыс алаңына 5 бейнебақылау камерасы қондырылған»,- деді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.    Қобда ауданының тұрғындары әзірге туған-туыстарының үйінде, кейбірі пәтер жалдап отыр. Тағы бір тобы ауласындағы жазғы үйлеріне қоныстанған. Эвакуациялық бекетте ешкім жоқ. Ал жаңадан салынып жатқан үйлердің қайсысына кімнің қоныстанатыны әзірге белгісіз.  

«Үй иесі жеребе арқылы таңдалады. Осы шешім әділ болмақ. Былтыр да осы әдіспен таңдалды. Бізде мүгедектігі бар адам тұратын бір отбасы бар. Олар уақытша баспанамен қамтылған. Ол отбасына түскен үйді құрылыс компаниясымен келісіп, ыңғайлы етіп береміз»,- деді Ізгілік Тынымгереев.    Мұндағы құрылыс компанияларының жүктемесі әртүрлі. Бірі 6 үй салса, енді бірі 8 үйдің құрылысын өз міндетіне алған. Кейбір кішігірім жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылды. Олар білгілі бір жұмысты атқарып, сол үшін еңбекақы алады.  

«Біздің құрылыс компания қазір үйдің шатырын жабу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып тұр. Осы аптада терезесі салынады, ішкі бөлмелері бөлінеді. Ал келесі аптада ішкі әрлеу жұмысы басталады. Сонымен бірге кәріз жүйесіне арналған шұңқыр қазылады. Бұл жердегі құрылыс мамыр айының басында басталды. Құрылыс заңдылығы бойынша іргетасын құюға арналған жер қазылады. Оны нығыздап, қиыршық тас төселеді. Содан кейін тор салып, цемент құйылады. Содан әрқайсысы 60 см болатын екі блок қойылды. Бұл үйдің негізі, іргетасы. Мұнда кейде ауыл адамдары келіп, үйдің бөлінісін қарайды»,- деді «АСМ 2012» ЖШС-нің прорабы Еркін Дүйсеев.    Үй салу жұмыстарына бірнеше бригада тартылады. Бірі іргетасын құйып кетсе, енді бірі қабырғасын қалайды. Төбесін жабатын бригада да бөлек.  

«Біздің компания 8 үй салып жатыр. Жұмыс мамыр айында басталды. Бұл үйлерді 3 бригада салып жатыр. Жұмыс 8:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Түсте бір сағаттан үзіліс бар. Бәрі де белгілі бір жұмыс көлемін өз міндетіне алған соң уақытпен санаспай жүре береді. Жұмысшылардың көбі ауылдан емес, сондықтан құрылыс басында қонады. Үйдің бәрі бірдей. Төрт бөлмелі. Бір зал, үш жатын бөлме мен ас бөлмесі бар. Жуынатын бөлме, әжетханасы да қарастырылған»,- деді «Строй бильд» ЖШС өкілі Мұрат Махметов.    Айта кетейік, Қобда ауданындағы апатты үйлердің иелері ескі баспанасының құрылыс материалын қажетіне жарата алады. Ал жерін мемлекетке қайтарады.

В Кобдинском районе часть домов, строившихся для пострадавших от паводка, планируют сдать уже в этом месяце   В Кобдинском районе Актюбинской области возводят 151 дом. Некоторые из них, строительство которых стартовало в начале мая, планируют сдать уже в июне. Кому достанутся ключи от нового дома определит жребий.   В Актюбинской области самыми первыми строительные работы начались в Кобдинском районе. Здесь строят 151 дом. Большая их часть находится в Кобде, 17 домов - в селе Жарык. В райцентре работают сразу несколько строительных компаний. К участкам подведены все коммуникации: газ, вода, свет.  

«С подрядными организациями мы договорились по возможности завершить работы за два месяца. Но мы не торопим строителей, так как это может сказаться на качестве работ. По области самым первым строительство началось в Кобде. На стройплощадке трудятся 15 застройщиков, но темпы у них разные. Если одни только поднимают стены, то другие уже приступают к внутри отделочным работам. Есть компании, которые перекрывают крышу дома. Строительство сопровождается авторским и техническим надзором. Также на стройплощадке установлены 5 камер видеонаблюдения»,- рассказал аким Кобдинского района Изгилик Тынымгереев.    Жители Кобдинского района, пострадавшие от паводка, в настоящее время проживают в домах своих родственников, некоторые из них снимают жилье. А кто-то поселился в своих летних домах. В эвакопунктах никого нет. Пока неизвестно, кто из них заедет в первые новые дома.  

«Кому достанется жилье будем определять по жребию. Думаю, это справедливо. В прошлом году мы также отбирали претендентов. Среди пострадавших есть человек с инвалидностью. Его семье было предоставлено временное жилье. Для него дом строится по согласованию со строительной компанией с учетом необходимых условий для комфортного проживания особенного человека»,- объяснил Изгилик Тынымгереев.    Строительные компании имеют разную нагрузку. Если одна строит 6 домов, то другая взяла на себя обязательство возвести 8 домов. К мелким работам на стройплощадке привлекли и местных жителей. За свой труд они получают оплату.  

«Наша строительная компания сейчас перекрывает крышу дома. Фундамент залит, стены подняли. На этой неделе установим окна и внутренние перегородки. А на следующей приступим к внутренним отделочным работам. Одновременно копаем яму для канализации. Строительство началось в начале мая. При строительстве соблюдаем все требования. Земля под фундамент была выкопана, утрамбована и засыпана гравием. Затем уложили сетку и залили цемент. Уложили два блока по 60 см каждый. Это фундамент дома. Сельские жители часто приходят на площадку и смотрят как устанавливают перегородки»,- говорит прораб ТОО «АСМ 2012» Еркин Дуйсеев.

 В строительстве домов задействовано несколько бригад. Одни заливают фундамент, другие возводят стены. Кровельные работы выполняются третьей бригадой.

 «Наша компания начиная с мая строит 8 домов. На участке трудятся 3 бригады. Работы продолжаются с 8:00 до 20:00. В полдень перерыв на час. Взяв на себя определенный объем работы, строители работают не покладая рук. Многие из них не коренные жители, ночуют там же на стройплощадках. Все дома типовые, из 4 комнат. Есть зал, 3 спальни и кухня. По проекту предусмотрены ванная и туалет»,- рассказывает представитель ТОО «Строй билд» Мурат Махметов.    Отметим, что владельцы аварийных домов Кобдинского района могут использовать любой строительный материал со своего старого жилья. Только земля будет возвращена государству.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 205
Категория: 
�����