В Кобдинском районе началась выплата компенсаций пострадавшим от паводка

Қобда ауданында бүлінген мүлікке өтемақы беріле бастады    Қобда ауданында шығынды өтеуге барлығы 259 өтініш қабылданған. Комиссия 133 үйді тексеріп, оның бесеуіне мамандар баға берген. Ауданның алғашқы бес тұрғыны жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам өтемақы алды.    Қобда ауданындағы су тасқыны зейнеткер Александр Лашконың да мүлкін бүлдірген. Қария Қобдадағы Алматы көшесінде жалғыз тұрады. Ол су тасқыны болған күнді мұңая еске алады.  

«Аулаға шықсам, көшеде су ағып жатқанын көрдім. Қолыма күрек алып, аулаға су кірмейтіндей етіп қоршаудың жанына топырақ төсеймін деп ойладым. Мен қазып жатқанда су тез көтеріле бастады. Содан кейін құтқарушылар келді. Олар: «Суға батып кетесіз. Бізбен кетуіңіз керек», —деді. Біреуі мені арқасына салып көтеріп, қайыққа жеткізді. Су тізеге дейін жетті. Содан кейін мені спорт кешеніне әкелді»,– дейді Александр Лашко.    Қария бірнеше күн кешенде болды. Су басылған соң үйге қайтуға бел буған.  

«Үйдегі қалған суды сорып аламын деп ойлаймын. Үйге баруға болады деп шешкенмін. Ал ол жерде қабырғалар опырылып, төбесі түсіп жатыр. Үйдің өзі жарты метрге батып кеткен. Аудан және ауылдық округтің әкімі келді. Олар мені жалғыз тұратын зейнеткер ретінде бақылауға алды. Маған жаңа үй салып береміз деді. Қазір мен спорт кешенінде тұрып жатырмын. Мұнда тамақ, қажеттінің бәрі бар: төсек-орын, киім-кешек, көрпе. Аптасына бір рет жуынуға болады. Ешқандай шағымым жоқ, жағдайым жақсы. Мұндағылар маған 369 мың теңге болатын бірреттік төлем алуға көмектесті. Сондай-ақ екі рет: 15 мың және 35 мың теңге көлемінде ақша берді»,- дейді зейнеткер.    Зейнеткердің үйін комиссия барып қарады.  

«Саманнан салынған үйді 1,2 метрге дейін су басқан. Нәтижесінде қабырғалары қисайған. Сарайдың қабырғалары да опырылып жатыр. Үйдегі барлық тұрмыстық заттар, ыдыстар жарамсыз болып қалды. Үй иесінің төлқұжаты бар. Біз бәрін суретке түсірдік. Енді сарапшылардың қорытындысын күтеміз»,- дейді комиссия өкілі Арман Елеуов.

В Кобдинском районе началась выплата компенсаций пострадавшим от паводка    Всего на возмещение ущерба по району принято 259 заявления. Комиссия обследовала 133 дома, эксперты вынесли оценку по пяти из них. Первые пять жителей района получили компенсацию в общей сумме свыше 15 миллионов тенге.   Паводок в Кобдинском районе уничтожил имущество пенсионера Александра Лашко. Дедушка живет один по улице Алматинской в Кобде. Тот день, когда случился потоп, он вспоминает с грустью.  

«Вышел во двор, смотрю по улице вода течет. Взял лопату, думаю сейчас возле забора земляную насыпь сделаю, чтобы вода во двор не зашла. Пока копал, вода начала стремительно прибывать. Тут ребята - спасатели подошли. Дедушка, утонешь ведь. Надо уходить, - говорят. Один меня на спину подхватил и вынес к лодке. Вода уже по колено стояла. Привезли в спорткомплекс»,- рассказывает Александр Лашко.    Несколько дней он пробыл там. Когда вода сошла, решил вернуться домой.  

«Думаю, вычерпаю остатки воды в доме. Вдруг уже можно возвращаться. А там стены обваливаются, крыша сползла. Дом сам на полметра сел. Приезжали акимы района и сельского округа. Меня на контроль взяли, как одинокого пенсионера. Сказали, что построят мне новый дом. Сейчас живу в спорткомплексе. Кормят тут хорошо. Дали все необходимое: сменное постельное белье, одежду, одеяло. Раз в неделю в душ можно сходить. Жизнью доволен. Тут мне помогли заполнить заявление на единовременную выплату, деньги уже получил. Еще два раза давали наличными то 15, то 35 тысяч тенге. Деньги на нужды есть»,- делится пенсионер.    Побывала в доме пенсионера и комиссия.  

«Саманный дом был подтоплен на 1,2 метра. В результате стены его покосились. Обваливаются и стены сарая. Все предметы быта, находящиеся в доме, кухонная утварь пришли в негодность. Паспорт на дом у владельца есть. Мы все сфотографировали. Теперь будем ждать заключения экспертов»,- отметил представитель комиссии Арман Елеуов.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 116
Категория: 
�����