В Кобдинском районе начато строительство жилых домов для пострадавших от паводков  

Қобда ауылында су тасқынынан зардап шеккендер үшін үй салына бастады   Бүгінгі күні Қобда ауданында 289 үйге зақым келген.     Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, табиғи апат салдарынан жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетілуде.   Өңірде топан судан зардап шеккен отбасылар үшін жаңа баспаналардың құрылыс жұмыстары басталды. Қобда ауданының орталығында 117 тұрғын үйдің іргетасын қалау үшін жер қазылуда, құрылыс материалдары әзір.   

«Қобда ауданында 117 жаңа тұрғын үй құрылысының басталуымен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға тұрақты тұрғын үймен қамтамасыз етуге кірісеміз. Біздің мақсатымыз – ең алдымен сапасына мән бере отырып, қысқа уақытта үй тұрғызу. Әрбір тұрғын өздерін қауіпсіз сезінуі үшін үйлер барлық стандарттарға сай болады»,- деді Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев.    Бұдан өзге, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 199 үйді сатып алу жоспарланып отыр, қазіргі уақытта Әйтеке би, Мұғалжар, Ойыл, Қобда, Темір аудандарында дайын 50 үй бар.

В Кобдинском районе начато строительство жилых домов для пострадавших от паводков   На сегодня в Кобдинском районе повреждено 289 домов.    В соответствии с поручением Главы государства, в Актюбинской области продолжаются мероприятия по оказанию всесторонней помощи пострадавшим от паводка.     В регионе начато строительство новых домов для семей, жилье которых стало непригодным для проживания в результате наводнения. В районном центре Кобдинского района  проводятся земляные работы для закладки фундамента 117 жилых домов, строительные материалы готовы.  

«С началом строительства  новых домов в Кобде мы приступаем к реализации важной задачи - обеспечению  жильем пострадавших семей. Наша цель - строить быстро и эффективно, не уступая в качестве. Каждый дом будет соответствовать всем стандартам, чтобы жители чувствовали себя в безопасности»,- отметил руководитель управления строительства, архитектуры и градостроительства Актюбинской области Ержан Муздыбаев.    Кроме того, для пострадавших от паводка жителей планируется приобрести 199 домов, в настоящее время в Айтекебийском, Мугалжарском, Уилском, Кобдинском, Темирском районах имеется 50 готовых домов.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 173
Категория: 
�����