В Кобдинском районе открылась мемориальная доска в честь заслуженного сотрудника полиции

Қобда ауданында еңбек сіңірген полиция қызметкеріне естелік тақта ашылды
Ішкі істер министрлігімен құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ІІО қатарында адал және абыройлы қызмет еткен полиция қызметкерлерінің есімін ұлықтауға бағытталған жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
2 қазанда Қобда ауданы полиция бөлімінің ғимаратында ІІО саласында ширек ғасырдан астам абыройлы қызмет етіп, ел ықыласына бөленген және республикалық «Еңбек сіңірген учаскелік полиция инспекторы» атағының иегері атанған марқұм Жұмағұл Бақыт Төлегенұлына арналған естелік тақта ашылды.
Тағылымды шараға Полиция департаментінің басшылығы, аудан әкімдігі, ІІО ардагерлері, полиция бөлімінің жеке құрамы және ашылу салтанатына арнайы шақырылған Бақыт Төлегенұлының отбасы мен жақын туыстары қатысты.
ПД бастығының орынбасары Мұрат Жакупбеков бұл шараның қызметкерлерде, оның ішінде жас ұрпақтың бойында патриоттық, тәуелсіздікті қорғауға әрдайым даярлық, қоғам мен мемлекеттік қорғау жолындағы қызметіне шексіз адалдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызын атап көрсетіп, полиция майоры Жұмағұл Бақыт Төлегенұлының үлгілі еңбек жолы туралы айтты.
ІІО ардагерлері мен Бақыт Төлегенұлының достары оның адалдығы мен батылдығын, еңбекқорлығын бейнелейтін жылы естеліктерімен бөлісіп, әріптес-досының рухына тағзым етті.
Естелік шара соңында полицейдің жары Ақжарқын Жұмағұлова жұбайы ұжымына, ІІО ардагерлеріне шынайы алғысын жеткізіп, тәртіп сақшыларының қызметіне абырой мен сәттілік тіледі.

В Кобдинском районе открылась мемориальная доска в честь заслуженного сотрудника полиции
Министерством внутренних дел проводятся плановые мероприятия по увековечиванию памяти сотрудников полиции, с честью и достоинством служивших в рядах ОВД с целью обеспечения правопорядка и безопасности граждан.
2 октября в здании отдела полиции Кобдинского района была открыта мемориальная доска, в память покойного Жумагул Бакыта Тулегеновича, который более четверти века доблестно служил в ОВД и стал достойным обладателем республиканского титула «Заслуженный участковый инспектор полиции».
В мероприятии приняли участие руководство Департамента полиции, аким района, ветераны ОВД, личный состав отдела полиции, а также семья и близкие родственники Бакыта Тулегеновича, приглашенные на торжественное открытие.
Заместитель начальника ДП Мурат Жакупбеков в своей речи отметил особую важность данного памятного мероприятия, которое осуществляется в целях формирования у сотрудников чувства патриотизма, готовности к защите независимости, верности служебному долгу по защите общества
и государства, в том числе у молодого поколения и, рассказал об образцовом трудовом пути майора полиции Жумагул Бакыта Тулегеновича.
Ветераны ОВД и друзья Бакыта Тулегеновича поделились теплыми воспоминаниями, отражающими его честность, мужество и трудолюбие, почтив память друга-коллеги.
В завершение памятного мероприятия, супруга полицейского Акжаркин Жумагулова, выразила искреннюю благодарность коллегам своего супруга и ветеранам ОВД, пожелала молодым сотрудникам с честью и достоинством служить во благо народа.

Источник.https://www.instagram.com/reel/DApdvEZINKQ/

Просмотров: 143
Категория: 
�����