В Мартукском районе растут темпы обеспечения жильем

Мәртөк ауданында тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқыны артуда Мәртөк ауданының орталығында 54 отбасы жаңа баспаналарына қоныстанды, ал жыл соңына дейін тағы 88 отбасы өз үйлерінің кілтін алады.  Бүгін аудан әкімі Медет Ысқақов 54 пәтердің кілтін кезекте тұрған тұрғындарға табыстап, олардың қуанышына ортақтасты. Кеңсахара ауылында 8 пәтерлі 4 үй толықтай дайын, ал Мәртөк ауылында 78 пәтерлі 39 үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.  Тұрғын үй кезегі: - Көпбалалы отбасылар – 117 - Жетім балалар – 287 - Әлеуметтік осал топтар – 200 - Мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері – 65 Барлығы – 671 адам. Ф Бұл бастама – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұрынғы нәтижелер: - 2019 жылы Мәртөк ауылында 8 үй (екі пәтерлі) пайдалануға беріліп, 14 отбасы қоныстанды. - 2020 жылы Құмсай ауылында көпбалалы отбасыларға 20 коммуналдық тұрғын үй берілді. - 2024 жылы тағы 8 үй сатып алынып, мұқтаж жандарға тапсырылды.  2024 жылдың соңына дейін барлығы 150 үйдің кілті табысталады. Аудан әкімі басты мақсат – әр отбасының өз шаңырағында бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету дейді. Бұл бағытта Мәртөк ауданында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Халықтың әлеуметтік қолдау бағытында осындай игі істер жалғаса бермек.

В Мартукском районе растут темпы обеспечения жильем В центре Мартукского района 54 семьи получили новые дома, а до конца года еще 88 семей станут обладателями собственного жилья.  Сегодня аким района Медет Искаков вручил ключи от 54 квартир жителям, стоящим в очереди, разделив с ними радость долгожданного события. В селе Кенсахара полностью завершено строительство 4 домов на 8 квартир, а в селе Мартук до конца года будет завершено строительство 39 домов на 78 квартир.  Очередь на жилье: - Многодетные семьи – 117 - Дети-сироты – 287 - Социально уязвимые слои населения – 200 - Сотрудники госорганов и бюджетных учреждений – 65 Всего – 671 человек. Этот проект является одним из важных шагов, направленных на повышение уровня жизни населения. Результаты прошлых лет: - В 2019 году в селе Мартук было построено 8 домов (на две квартиры), жильем обеспечены 14 семей. - В 2020 году в селе Кумсай многодетным семьям было выделено 20 коммунальных домов. - В 2024 году приобретено еще 8 домов, которые были переданы нуждающимся.  До конца 2024 года ключи от нового жилья получат еще 150 семьи. По словам акима, главная цель – обеспечить каждую семью своим уютным домом. В этом направлении в Мартукском районе продолжается реализация масштабных проектов. Такие значимые шаги по социальной поддержке населения будут продолжаться.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 90
Категория: 
�����