Есет батыр шағын ауданында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр Асхат Шахаров Есет батыр тұрғын алабындағы «Ақтөбе Сити-2» қазандығының құрылыс алаңында болды. Мердігер ұйым — «Қазтеплоэнергомонтаж» серіктестігі. Жоба бойынша құрылысы 2018 жылы басталған қазандық тұрғын алаптағы 1, 2 және 3 шағын аудандардағы 90 тұрғын үйді, сондай-ақ мектептер мен балабақшаларды, спорт кешендерін жылу және ыстық сумен қамтып отыр. Қазіргі таңда мұнда 6 қазандық пен 4 қазандық сорғысы толығымен орнатылған. Мамандар «ДУ-500» коллекторларын жылу алмастырғыш құбырмен қамтамасыз етуде. Қазір бір қазандық жұмыс істеп тұр, қалғандары — резервте. Бүгінде қазандық пайдалануға беру туралы келісімшарттың бұзылуына байланысты қала балансына өткен. Облыс басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.
В микрорайоне Есет батыр идет подготовка к отопительному сезону Асхат Шахаров побывал на строительстве котельной «Актобе-Сити 2» в жилом массиве Есет батыр. Подрядчиком являлось товарищество «Казтеплоэнергомонтаж». Однако из-за срывов сдачи, договор был расторгнут, объект передали на баланс города. По проекту котельная, строительство которой началось в 2018 году, обеспечивает теплом и горячей водой 90 жилых домов в микрорайонах-1,2 и 3, а также школы, ФОКи и детсады. На данный момент установлены шесть котлов, полностью смонтированы четыре котловых насоса. Сейчас специалисты проводят обвязку теплообменников коллекторами ДУ 500. В работе находится один котел, остальные в резерве. Аким области поручил завершить строительно-монтажные работы в установленные сроки.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi