В Мугалжарском районе строят 14 домов  

Мұғалжар ауданында 14 үй салынып жатыр  Мұғалжар ауданында да су тасқынының салдарын жою бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында бүгінде жаңадан 9 үй салынып жатыр. Бірлік ауылында 5 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Айлин СтройТрейд» компаниясы жүргізуде.  Ауданда су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек берілді. Апатты үйлердің тұрғындарынан баспана сатып алуға 54 өтініш түсті. Енді олар қайталама нарықтағы баспанамен қамтамасыз етіледі.  Бүгінгі күнге 42 отбасыға үй сатып алынып берілді. Қалған сатып алынатын үйлер бойынша келісімшарт жасалынып құжаттары дайындалуда. Сонымен қатар аудан бойынша 8 үйге жөндеу жүргізіледі, осы мақсатта 17 миллион теңге берілді.

В Мугалжарском районе строят 14 домов  Принимаются масштабные меры по ликвидации последствий паводка в Мугалжарском районе. Сегодня в затопленном во время паводка селе Жагабулак возводят 9 новых домов. В селе Бирлик ведется строительство 5 домов. Строительные работы проводит компания «Айлин СтройТрейд».  Всего во время паводка в районе было повреждено 76 домов и 3 коммерческих объекта, разрушено 8 фермерских хозяйств. На более 26 миллионов тенге оказана единовременная помощь пострадавшим. От владельцев аварийных домов поступило 54 заявления на получение жилья. Им приобретут готовые дома на вторичном рынке.  На сегодняшний день ключи от них получили 42 семьи. Заключаются договора и готовится документация на выкуп остальных домов. Кроме того, в районе будет отремонтировано 8 домов, на эти цели выделено свыше 17 миллионов тенге.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 180
Категория: 
�����