Ақтөбе қаласының жаңа ауданы - Алтын Орда шағын ауданында «Мәңгілік ел» гүлзары салынады. Бұл жоба Ақтөбе қаласы әкімдігінің ұсынысы бойынша “Зерде Керамика” ЖШС демеушілік қолдауы арқылы жүзеге асырылады. Серіктестік басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Ерлан Тілеуқабыловтың айтуынша, сквер барлық талапқа сай салынады. Скверде тұрғындардың жайлы демалуына қажет жағдай жасалады. Заманауи жарық шамдар, жасыл желек, кіші сәулет формалары, суару жүйесі, ыңғайлы орындықтар орнатылады. Қаламыздың ажарын ашатын «Мәңгілік ел» гүлзары тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз. Айта кету керек, кәсіпкер бұған дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы бос жатқан аумақты («Томирис» мейрамханасы орналасқан аудан) шағын қоғамдық кеңістік ретінде абаттандырып берген болатын.
В новом микрорайоне Алтын Орда города Актобе будет разбит сквер «Мәңгілік Ел». Этот проект реализуется при спонсорской поддержке ТОО «Зерде Керамика» по предложению акимата города Актобе. По словам руководителя товарищества, депутата областного маслихата Ерлана Тилеукабылова, сквер будет построен в соответствии со всеми требованиями. В нем будут созданы все условия для комфортного отдыха жителей: установлены современные фонари, высажены зеленые насаждения, размещены малые архитектурные формы, предусмотрены система полива и удобные скамейки. Сквер «Мәңгілік Ел», украшающий наш город, несомненно, станет любимым местом отдыха горожан. Стоит отметить, что ранее предприниматель благоустроил пустующую территорию вдоль проспекта Абилкаир хана (район ресторана «Томирис»), создав небольшое общественное пространство.
Источник.@emergovkz