Полицейлер «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады
21-23 ақпан аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды.
Үш күндік шара аясында полиция қызметкерлері мал ұрлығының алдын алу мен болдырмауға, осы санаттағы қылмыстарды ашуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізеді.
Криминалдық полиция, патрульдік полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторларынан құрылған мобильді топтар ауыл шаруашылығы жануарлары ұрлығының алдын алу, ұрланған малдарды тасымалдау, өткізу деректерін анықтау мақсатында мал базарлары, мал сою орындары, ет өнімдерін өңдеу және сатумен айналысатын жерлерде рейдтер, автожолдарда патрульдеу шараларын жүргізеді.
Сонымен қатар, профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері халық арасында мал ұрлығының алдын алу мен жол бермеуге бағытталған түсіндіру және құқықтық ағарту жұмыстары жүзеге асырады.
Полицейлер қылмыстық заңнамада мал ұрыларына мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделгенін еске салады.
В области стартовало республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Скотокрад»
С 21 по 23 февраля на территории Актюбинской области стартовало республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Скотокрад».
В рамках трехдневного мероприятия, сотрудники полиции проведут масштабную работу по профилактике и пресечению краж скота, раскрытию преступлений данной категории.
В целях профилактики краж сельскохозяйственных животных, выявления перевозки и сбыта похищенного скота, мобильными группами, из числа сотрудников криминальной, патрульной и участковых инспекторов полиции, проводятся целенаправленные рейдовые мероприятия на местах забоя скота и точках сбыта мясной продукции, на скотных рынках, а также осуществляется патрулирование на автодорогах.
Кроме того, в ходе профилактических мероприятий сотрудниками полиции осуществляется разъяснительная и правовая просветительская работа среди населения, направленная на профилактику и недопущение краж скота.
Полицейские напоминают, за скотокрадство уголовным законодательством предусмотрено наказание до двенадцати лет лишения свободы с конфискацией имущества.